Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения на 2012 год

Қаулы · № 28/02 · қабылданған 19.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-63260/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения на 2012 год Күшін жойған Қаулы ·№ 28/02 ·19.01.2012
12.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения на 2012 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 28/02 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения на 2012 год
Атауы (қаз.)
2012 жылға халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
28/02
Қабылданған күні
19.01.2012
Көрсетілген редакция
12.02.2013 63260_209348.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12KN000162
ЭКБ идентификаторы
63260
Редакция идентификаторы
63260_209348
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:19

0 2012 жылға халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2012 жылғы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың келесі санаттары белгіленсін:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;

13 13) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жылдан аса).

2 2. Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гүлнар Тақуқызы Жүпенова) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыру жөніндегі шараларды қабылдасын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.

4 4. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 13 мамырдағы "2011 жылға халықтың нысаналы топтарын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-14-147 тіркелді, 2011 жылдың 26 маусымында N 26 аудандық "Нұра" газетінде жарияланған) N 10/12 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы