Құжат мәтініне өту

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения по городу Степногорску на 2012 год

Қаулы · № А-1/32 · қабылданған 20.01.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-63324/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения по городу Степногорску на 2012 год Қолданыста Қаулы ·№ А-1/32 ·20.01.2012
05.11.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.11.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения по городу Степногорску на 2012 год

Қолданыста Қаулы ·№ А-1/32 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения по городу Степногорску на 2012 год
Атауы (қаз.)
2012 жылға арналған Степногорск қаласы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-1/32
Қабылданған күні
20.01.2012
Көрсетілген редакция
05.11.2014 63324_188933.kaz
Соңғы өзгеріс
05.11.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12BB000155
ЭКБ идентификаторы
63324
Редакция идентификаторы
63324_188933
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:18

0 2012 жылға арналған Степногорск қаласы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, нысаналы топтардың құрамына кіретін тұлғаларды және әлеуметтік қорғауға ең мұқтаждық ететін азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жәрдемдесу мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2012 жылға арналған Степногорск қаласы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын қосымша тұлғалардың тізбесі белгіленсін:

1 1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін тұлғалар (үш ай және артық);

2 2) елу жастан елу алты жасқа дейінгі әйел адамдар;

3 3) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

4 4) орта және орта білімнен кейінгі бағдарламаларды жүзеге асыратын оқу мекемелерінің түлектері;

5 5) емдеу курсынан өткен өкпе ауруымен ауыратын тұлғалар;

6 6) мүгедектік есебінен шығарылғандар;

7 7) медико-әлеуметтік оңалтудан өткен нашақор аурулар.

2

2. Степногорск қаласы әкімдігінің «Халықтың мақсатты топтарына кіретін қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы» 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № ә-8/523а (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-2-122 болып тіркелген, 2010 жылдың 20 қаңтарында «Степногорск Ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) қаулысының, Степногорск қаласы әкімдігінің «Степногорск қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № ә-8/523а қаулысына толықтыру енгізу туралы «Халықтың мақсатты топтарына кіретін қосымша тұлғалар тізбесін белгілеу туралы» 2010 жылғы 2 маусымдағы № ә-3/204 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1-2-132 болып тіркелген, 2010 жылдың 15 шілдесінде «Степногорск Ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә.Сәдуақасоваға жүктелсін.

4 4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаметінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛГЕН»
«Степногорск қаласының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Л.Белоглядова

Қолданыстағы