Құжат мәтініне өту

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2012 год

Қаулы · № 76 · қабылданған 17.01.2012
Заңдық күші: Қолданыста · 02.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-63345/on/2026-09-02/
Басып шығарылды 2026-09-02 · adilet.kz
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2012 год Қолданыста Қаулы ·№ 76 ·17.01.2012
14.11.2012 редакциясы
02.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2012 год

Қолданыста Қаулы ·№ 76 · 02.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам населения на 2012 год
Атауы (қаз.)
Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2012 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
76
Қабылданған күні
17.01.2012
Көрсетілген редакция
14.11.2012 63345_131878.kaz
Соңғы өзгеріс
14.11.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NA000179
ЭКБ идентификаторы
63345
Редакция идентификаторы
63345_131878
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:20

0 Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2012 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы

"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5, 7-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2012 жылға арналған келесі қосымша тізбесі белгіленсін:

1 1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

2 2) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан көп);

3 3) елу жастан асқан адамдар;

4 4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органының жолдамасы бойынша кәсіптік оқуды бітірген жұмыссыздар;

5 5) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдардан алған мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі мен өтілі жоқ бітірушілер;

6 6) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесінде лайықты жұмысы жоқ жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М.К. Жұрқабаевқа жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай қаласы әкімдігінің
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
____________ В. Рубинский

Қолданыстағы