Құжат мәтініне өту

О проведении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку отдела по делам обороны Курчумского района в 2012 году

Өзге акт · № 56 · қабылданған 23.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-63357/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О проведении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку отдела по делам обороны Курчумского района в 2012 году Күшін жойған Өзге акт ·№ 56 ·23.01.2012
11.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку отдела по делам обороны Курчумского района в 2012 году

Күшін жойған Өзге акт ·№ 56 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении приписки граждан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку отдела по делам обороны Курчумского района в 2012 году
Атауы (қаз.)
Күршім ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылы тіркеуді өткізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
56
Қабылданған күні
23.01.2012
Көрсетілген редакция
11.05.2012 AI63357_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VN000147
ЭКБ идентификаторы
63357
Редакция идентификаторы
AI63357_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:18

0 Күршім ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне

тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылы
тіркеуді өткізу туралы
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабының 1, 2 тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес ШЕШЕМІН:

1 1. Күршім ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркеуге алынатын жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында тіркеуге алуы жүргізілсін.

2 2. «Күршім ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры М.Б. Блейменовқа және «Күршім ауданының № 2 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры К.С. Кузьменкоға ұсынылсын:

1 1) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін қажетті мөлшерде дәрігер мамандарды және орта буын медициналық қызметкерлерді бөлу;

2 2) азаматтардың кеуде мүшелерін флюорографиялық тексеру, кардиологиялық және басқа тексеру түрлерінің қабылдануын ұйымдастыру;

3 3) әскерге шақыру жасына дейінгілерді тексеру және емдеуді қамтамасыз ету.

3 3. Ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік білім мекемелерінің басшылары ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскерге шақыру жасына дейінгілерді шақырылғаны туралы хабардар етуді және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

4

4. Күршім ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы А.Қ. Әбілмәжіновқа медициналық комиссия жұмысы кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету, қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің хабарландыруы бойынша тіркеуден бас тартқан азаматтарды іздестіру және шақыру учаскесіне жеткізуге жәрдемдесу ұсынылсын.

5 5. Күршім ауданының білім беру бөлімінің бастығы Ә.Қ Қосамбеков ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығының міндетін уақытша атқарушы С. Т. Қизатаевқа (келісім бойынша) тіркеуге алу кезінде әскери-оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеуге қолдау көрсетсін.

6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.

7 7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Күршім ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығының
міндетін уақытша атқарушы
С. Қизатаев
23.01.2012 ж.
Күршім ауданының ішкі істер
бөлімінің бастығы
А. Әбілмәжінов
23.01.2012 ж.
«Күршім ауданының № 1 медициналық
бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынының директоры
М. Блейменов
23.01.2012 ж.
«Күршім ауданының № 2 медициналық
бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынының директоры
К. Кузьменко
23.01.2012 ж.

Қолданыстағы