Об организации и обеспечении приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2012 года в Каратобинском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении приписки граждан к призывным участкам в январе-марте 2012 года в Каратобинском районе
- Атауы (қаз.)
- Қаратөбе ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2
- Қабылданған күні
- 23.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2012 63361_185739.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12ZI000114
- ЭКБ идентификаторы
- 63361
- Редакция идентификаторы
- 63361_185739
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:17
0 Қаратөбе ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1
1. "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Қаратөбе ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2
2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық куәландырудан өткізуді, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлікпен жабдықтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3 3. "Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыруға техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
4 4. Ауылдық округ әкімдеріне азаматтардың шақыру учаскелеріне келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
5 5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Қаратөбе
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорын
директоры
_____________Мағзомов Зейіл Жөкенұлы
23.01.2012 ж.
"Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________Мажитов Рафхат Қуанаевич
23.01.2012 ж.