Құжат мәтініне өту

Об организации приписки к призывному участку граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет

Өзге акт · № 01 · қабылданған 17.01.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-63412/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об организации приписки к призывному участку граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет Күшін жойған Өзге акт ·№ 01 ·17.01.2012
27.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации приписки к призывному участку граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет

Күшін жойған Өзге акт ·№ 01 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации приписки к призывному участку граждан мужского пола, которым в 2012 году исполняется семнадцать лет
Атауы (қаз.)
2012 жылы жасы он жетiге толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесiне тiркеудi ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
01
Қабылданған күні
17.01.2012
Көрсетілген редакция
27.04.2012 AI63412_2.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VP000121
ЭКБ идентификаторы
63412
Редакция идентификаторы
AI63412_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:21

0 2012 жылы жасы он жетiге толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесiне тiркеудi ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 33 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, ШЕШЕМІН:

1 1. «Тарбағатай ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлімі» мемлекеттiк мекемесiнiң шақыру учаскесiнде тiркеуге алынатын жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында тiркеуге алу жүргiзiлсiн және ұйымдастырсын.

2 2. Ауылдық округтердiң әкiмдерiне әскерге шақыру жасына дейінгілерді тiркеуге ұйымдастырылуын және уақытында келуiн қамтамасыз етсiн.

3 3. Шығыс Қазақстан облысының әкiмдiгi денсаулық сақтау басқармасының «Тарбағатай ауданының № 1 медициналық бiрлестiгi» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (Д. Итбаев):

1 1) медициналық комиссия құрамын маман-дәрiгерлермен, орта дәрiгерлiк мамандармен, қажеттi жабдықтармен, құрал-саймандармен және дәрi-дәрмектермен жасақтау;

2 2) әскерге шақыру жасына дейінгілерді клиникалық тексеру және емдеу үшiн ауданның медициналық мекемелерiнде қажеттi төсек-орын санының бөлiнуiн қамтамасыз ету;

3 3) тiркеуге алу аяқталғаннан кейiн әскерге шақыру жасына дейінгілерді емдеу үшiн маман-дәрiгерлердi тағайындау;

4 4) әскерге шақыру жасына дейінгілерді емдеу және медициналық куәландыруды өткiзетiн емдеу мекемесiнiң базасын анықтау ұсынылсын.

4 4. «Тарбағатай ауданының iшкi iстер бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiне (Ш. Айтқазин) тіркеу жұмысы кезеңiнде шақыру учаскесiнде қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз ету, тiркеуден бас тартқан азаматтарды iздестiру және шақыру учаскесiне жеткiзуге көмек көрсету ұсынылсын.

5

5. «Тарбағатай ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттік мекемесі (А. Қарабиев – келiсiм бойынша) және «Тарбағатай ауданының бiлiм беру бөлiмi» мемлекеттік мекемесі (Е. Абсалямов) тiркеуге алу кезеңiнде әскери-техникалық мамандықтар бойынша даярлау және әскери оқу орындарына түсу үшiн кандидаттарды iрiктеуді жүргiзсін.

6 6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Әзімхановқа жүктелсін.

7 7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Тарбағатай ауданының қорғаныс
iстерi жөнiндегi бөлiмi» мемлекеттік
мекемесінің бастығы А. Қарабиев
16 қаңтар 2012 жыл
«Тарбағатай ауданының iшкi iстер
бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнің
бастығы Ш. Айтқазин
16 қаңтар 2012 жыл
Шығыс Қазақстан облысының
әкiмдiгi денсаулық сақтау
басқармасының «Тарбағатай
ауданының № 1 медициналық
бiрлестiгi» коммуналдық
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының директоры Д. Итбаев
16 қаңтар 2012 жыл

Қолданыстағы