Құжат мәтініне өту

Об организации оплачиваемых общественных работ на 2012 год

Қаулы · № 817 · қабылданған 02.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-63608/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об организации оплачиваемых общественных работ на 2012 год Күшін жойған Қаулы ·№ 817 ·02.02.2012
19.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации оплачиваемых общественных работ на 2012 год

Күшін жойған Қаулы ·№ 817 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации оплачиваемых общественных работ на 2012 год
Атауы (қаз.)
2012 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
817
Қабылданған күні
02.02.2012
Көрсетілген редакция
19.02.2013 AI63608_2.kaz
Соңғы өзгеріс
19.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VK000149
ЭКБ идентификаторы
63608
Редакция идентификаторы
AI63608_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:10

0 2012 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5) тармақшасы, 20 бабы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2012 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің қоса берілген тізімі, атқарылатын жұмыстың түрі, көлемі, қаржыландыру көзі, қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары бекітілсін.

2 2. Еңбек ақының мөлшері 2012 жылға белгіленген ең төменгі бір жалақы мөлшерінде бекітілсін.

3

3. Мекеме басшыларына жұмыскерлердің жекелеген санатына (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерге) жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында жасау мүмкіндігін беру, сонымен қатар тиісті санаттың еңбек жағдайы ерекшеліктерін есепке алу арқылы және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді нысындарын қолдану ұсынылсын.

4

4. Аудан әкімдігінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 328 «2011 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-133 нөмерімен тіркелген, аудандық «Достық» газетінің 2011 жылғы 4 мамырдағы № 35 санында жарияланды) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Сапарғалиеваға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелердің тізімі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және нақты жағдайлары

Зайсан ауданының әкімдігінің
2012 жылғы 02 ақпандағы
№ 817 қаулысымен бекітілген
2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін мекемелердің тізімі,
қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қаржыландыру көздері және
нақты жағдайлары
Р/с
Мекемелердің аттары
Қоғамдық жұмыс түрлерi
Атқарылатын жұмыс көлемi
Сұраныс (жарияланған қажеттілік) орын саны
Ұсыныс (бекітілген) орын саны
Қаржыландыру көзі
1
«Зайсан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Көгалдандыру және көркейту, көшеттердi отырғызу, суару жұмыстары, құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу
Көгалдандыру және көркейту 50 ш.м, 1500 көшет, күніне 10-15 құжат
60
39
Зайсан ауданының бюджеті
2
«Зайсан қала әкiмi аппараты» мемлекеттік мекемесі
Суағарларды тазалау, көпірлерді қардан, мұздан тазалау, көшет отырғызу, суару
Суағарларды тазалау 11 шақырым, 3 үлкен 9 кіші көпірлерді мұздан, қардан тазалау, 2000 түп көшет отырғызу, суару, күніне 20-25 құжат
200
179
Зайсан ауданының бюджеті
3
«М. Ломоносов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Көгалдандыру және көркейту, көшет отырғызу, суару, мектептегі ағымдағы жөндеу жұмыстарына көмектесу
Аумақты көгалдандыру, көркейту 450 ш.м, 150 көшет, ағымдағы жөндеу жұмыстары 350 ш.м
3
1
Зайсан ауданының бюджеті
4
«М. Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Көгалдандыру және көркейту, көшет отырғызу, суару, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу
Көгалдандыру және көркейту 500 ш.м., көшет отырғызу, суару 250 түп, ағымдағы жөндеу жұмыстары 550 ш.м.
10
1
Зайсан ауданының бюджеті
5
«Ю. Гагарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мектеп маңын қардан тазалау, көшет отырғызу, суару, мектептегі ағымдағы жөндеу жұмыстары
Мектеп маңын қардан тазалау 600 ш.м, көшет отырғызу, суару 400 түп, ағымдағы жөндеу жұмыстары 200 ш.м.
40
40
Зайсан ауданының бюджеті
6
«М. Дауленов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Көгалдандыру, көркейту жұмыстары, көшет отырғызу, суару, құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу
Көгалдандыру, көркейту 300 ш.м., көшет отырғызу, суару 200 түп, күніне 20-25 құжат
20
20
Зайсан ауданының бюджеті
7
«Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу
Күніне 30-40 құжат
24
10
Зайсан ауданының бюджеті
8
«Зайсан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
Құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу
Күніне 10-15 құжат
15
2
Зайсан ауданының бюджеті
9
«Зайсан аудандық ішкі істер бөлімінің жол полиция бөлімшесі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
Құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу
Күніне 30-40 құжат
2
2
Зайсан ауданының бюджеті
10
«Зайсан ауданының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша)
Құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу
Күніне 10-15 құжат
16
4
11
«Қаратал ауылдық округ әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Аумақты көгалдандыру, көркейту, көпірлерді қардан, мұздан тазалау, құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу
Аумақты көгалдандыру, көркейту 1500 ш.м., 2 үлкен көпірді қардан, мұздан тазалау, күніне 20-30 құжат
60
20
Зайсан ауданының бюджеті
12
«Сартерек ауылдық округ әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Аумақты көгалдандыру, көркейту, көшет отырғызу, суару
Аумақты көгалдандыру, көркейту 1400 ш.м., көшет отырғызу, суару 700 түп
26
19
Зайсан ауданының бюджеті
13
«Қарабұлақ ауылдық округ әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Аумақты көгалдандыру, көркейту, көпірді тазалау, құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу
Аумақты көгалдандыру, көркейту 1700 ш.м., 2 үлкен көпірді қардан, мұздан тазалау, күніне 20-30 құжат
24
19
Зайсан ауданының бюджеті
14
«Бiржан ауылдық округ әкiмiнің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Аумақты көгалдандыру, көркейту, көшет отырғызу, суару, құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу
Аумақты көгалдандыру, көркейту 1500 ш.м., көшет отырғызу, суару 500 түп, күніне 20-25 құжат
30
19
Зайсан ауданының бюджеті
15
«Шiлiктi ауылдық округ әкiмінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Аумақты көгалдандыру, көркейту
Аумақты көгалдандыру, көркейту 2000 ш.м
30
19
Зайсан ауданының бюджеті
16
«Дайыр ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Аумақты көгалдандыру, көркейту, құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу
Аумақты көгалдандыру, көркейту 1800 ш.м., күніне 10-15 құжат
25
19
Зайсан ауданының бюджеті
17
«Кеңсай ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Аумақты көгалдандыру, көркейту, құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу
Аумақты көгалдандыру, көркейту 1700 ш.м., күніне 10-15 құжат
0
19
Зайсан ауданының бюджеті
18
«Айнабұлақ ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлкекеттік мекемесі
Аумақты көгалдандыру, көркейту, құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу
Аумақты көгалдандыру, көркейту 1600 ш.м., күніне 10-15 құжат
40
19
Зайсан ауданының бюджеті
19
«Жаңатұрмыс» орталау мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Аумақты көгалдандыру, көркейту
Аумақты көгалдандыру, көркейту 500 ш.м
2
2
Зайсан ауданының бюджеті
20
«ШҚО статистика басқармасының Зайсан аудандық бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Құжаттармен жұмыс жасауға көмектесу
Күніне 10-15 құжат
2
2
Зайсан ауданының бюджеті
БАРЛЫҒЫ
689
455
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты.
Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күндi құрайды, екi демалыс күн берiледi, сегiз сағаттық жұмыс күнi, түскi үзiлiс 1 сағат, еңбекақы төлеу еңбек шартының негiзiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледi, орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделiлiгiне байланысты жұмыс уақытын есептеу табелiнде көрсетiлген дәлелдi жұмыс iстеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету; зейнетақы және әлеуметтiк ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргiзiледi, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша  әлеуметтiк жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертiгу немесе басқа зақымдану салдарынан келтiрiлген зияндардың орнын толтыру. Жұмыскерлердiң жеке санаттары (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерге) үшiн қоғамдық жұмыстардың талаптары тиiстi санатқа еңбек талаптарының ерекшелiгiн ескере отырып белгiленедi және Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс берушiнiң және жұмыскердiң арасында жасалған еңбек шарттарымен қарастырылады.

Қолданыстағы