Қолданыстағы ред. 26.01.2012

2012 жылға арналған Уәлиханов ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы от 26.01.2012 г. № 32 (2012 жылға арналған Уәлиханов ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы)

0

2012 жылға арналған Уәлиханов ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 5-бабының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2012 жылға арналған Уәлиханов ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.

2

2. "Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға жататын адамдардың жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.

3

3. «2009 жылға Уәлиханов ауданы тұрғындарының нысаналы топтарын анықтау туралы» Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 47 (2009 жылы 20 сәуірде № 13-13-100 нормативтік құқықтық актілер мемлекетік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылы 27 сәуірде аудандық «Шұғыла» газетінде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М.Бейсембинге жүктелсін.

5

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардағы пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.

6

Аудан әкімдігінің
2012 жылғы 26 қаңтардағы
№ 32 қаулысына қосымша
2012 жылға арналған Уәлиханов ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі

1

1. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.

2

2. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері.

3

3. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан да көп).