2012 жылға арналған Уәлиханов ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2012 жылға арналған Уәлиханов ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңы 5-бабының 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2012 жылға арналған Уәлиханов ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Уәлиханов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі нысаналы топтарға жататын адамдардың жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі шараларды көздесін.
Тармақ 3
3. «2009 жылға Уәлиханов ауданы тұрғындарының нысаналы топтарын анықтау туралы» Уәлиханов ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 47 (2009 жылы 20 сәуірде № 13-13-100 нормативтік құқықтық актілер мемлекетік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылы 27 сәуірде аудандық «Шұғыла» газетінде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М.Бейсембинге жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардағы пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.
Басқа 6
Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 26 қаңтардағы № 32 қаулысына қосымша 2012 жылға арналған Уәлиханов ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі
Тармақ 1
1. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
Тармақ 2
2. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері.
Тармақ 3
3. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін азаматтар (бір жыл және одан да көп).