Об организации и обеспечении приписки граждан к призывному участку в 2012 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении приписки граждан к призывному участку в 2012 году
- Атауы (қаз.)
- Азаматтарды 2012 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3
- Қабылданған күні
- 31.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 06.10.2014 AI63657_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.10.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12PB000191
- ЭКБ идентификаторы
- 63657
- Редакция идентификаторы
- AI63657_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:12
0 Азаматтарды 2012 жылы шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабы 3-тармағына сәйкес, ШЕШІМ қабылдаймын:
1 1. 2012 жылдың қаңтарынан наурызына дейін 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды, сондай-ақ бұрын тіркеуге алынбаған ересектерді "Павлодар облысы Ақсу қаласының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" (бұдан әрі – бөлім) мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеуге алу жүргізілсін.
2 2. Ақсу кентінің, ауылдар мен селолық округтердің әкімдері тіркеуге алынатын азаматтардың бөлімге талап етілген құжаттарымен уақытында болуын қамтамасыз етсін.
3 3. Мыналар:
1
1) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, мекемелердің және оқу орындарының басшыларына тіркеуге алынатын азаматтардың талап етілген құжаттарымен бөлімге уақытында келуін қамтамасыз ету, оларды уақытша оқудан (жұмыстан) босатумен, әскери есепке қоюға байланысты, олардың міндеттерін орындау үшін қажетті;
2 2) "Ақсу қаласының емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігеріне (келісім бойынша) тіркеуге алу жұмысы басталысымен, тіркеуге жататын азаматтарды медициналық куәландыру жүргізу үшін дәрігер-мамандарды және медициналық қызметкерлерді бөлу ұсынылсын.
4 4. Қала әкімінің осы шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.З. Ысқақоваға жүктелсін.
5 5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан туындаған құқық қатынасына таралады.
КЕЛІСІЛДІ
Ақсу қаласының Қорғаныс
істері жөніндегі біріктірілген
бөлімінің бастығы подполковник
Қ. Смайылов
2012 жылғы 30 қаңтар
"Ақсу қаласының емханасы"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорнның бас дәрігері
Қ. Қабұлов
2012 жылғы 30 қаңтар