Об организации общественных работ на 2012 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 60
- Қабылданған күні
- 27.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2012 AI63668_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12UK000185
- ЭКБ идентификаторы
- 63668
- Редакция идентификаторы
- AI63668_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:14
0 2012 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекiтiлген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесiнiң 8-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және олардың қаржыландырудың көздерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсін.
2 2. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбекақысы айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының ең төменгі мөлшері көлемінде бекітілсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
5 Сарыағаш ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 27 қаңтардағы
№ 60 қаулысымен бекітілген
2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері және қаржыландыру көздері
Р/с
Ұйымдардың атауы
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Адам саны
Қоғамдық жұмыстардың көлемі
Қаржыландыру көздері
1
Қала, поселке, ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің аппараты
көркейту, көгалдандыру, аймақтарды тазалау
533
806370 шаршы метр
аудандық бюджет
мұрағатқа тапсырылатын құжаттарды өңдеу, құжаттарды көбейту, тарату
31
18000 дана
аудандық бюджет
2
Сарыағаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі
Қарулы Күштер қатарына шақыру бойынша тұрғындармен жұмыс, шақыру қағазын жеткізу
6
24 ауылдық округ аумағында
аудандық бюджет
3
Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасы
жастардың арасында салауатты өмiр салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу («Сақшы» және «Тәртіп» пилоттық жобалары)
27
Сарыағаш қаласы, Көктерек поселкесі және Әлімтау, Жылға, Дарбаза, Құркелес, Жарты төбе, Қапланбек, Жібек жолы, Дербісек, Жемісті, Ақжар, Тегісшіл ауылдық округтерінің аумағында
аудандық бюджет
мұрағат құжаттары мен тiзiмдердi құрастыру, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу
5
4000 дана
аудандық бюджет
4
Сарыағаш аудандық ішкі істер басқармасының полиция бөлімі
жастардың арасында салауатты өмiр салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу («Сақшы» және «Тәртіп» пилоттық жобалары)
25
Абай ауылы мен Ақтөбе, Алпамыс батыр, Бірлесу, Бірлік, Біртілек, Бозай, Жамбыл, Жүзімдік, Қошқарата, Ошақты, Ұшқын ауылдық округтерінің аумағында
аудандық бюджет
мұрағат құжаттары мен тiзiмдердi құрастыру, құжаттарды қалыптастыру, оларды тiгу
3
1800 дана
аудандық бюджет
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.