Құжат мәтініне өту

Об организации в 2012 году приписки граждан к призывному участку

Өзге акт · № 1 · қабылданған 03.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-63733/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об организации в 2012 году приписки граждан к призывному участку Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 ·03.02.2012
03.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации в 2012 году приписки граждан к призывному участку

Күшін жойған Өзге акт ·№ 1 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации в 2012 году приписки граждан к призывному участку
Атауы (қаз.)
2012 жылы азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1
Қабылданған күні
03.02.2012
Қолданысқа енгізілген күні
18.03.2012
Көрсетілген редакция
03.05.2012 63733_169743.kaz
Соңғы өзгеріс
03.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12GA000145
ЭКБ идентификаторы
63733
Редакция идентификаторы
63733_169743
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:10

0 2012 жылы азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3 тармағына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. «Жамбыл облысы Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (С.И.Мельников-келісім бойынша) 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында Тараз қаласында тұратын 1995 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу ұсынылсын.

2

2. «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 Қаулысымен белгіленген тәртіппен азаматтар шақыру учаскелеріне тіркелу кезінде әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери дәрігерлік сараптамадан өтуі ұйымдастырылсын.

3 3. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Тараз қалалық ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (Қ.С.Досанов-келісім бойынша) өз құзыреттері шегінде әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.

4 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары К.М.Тоғызбаеваға жүктелсін.

5 5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 9 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таралады.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Жамбыл облысы Тараз қаласының
Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
С.И.Мельников
03.02.2012 жыл
«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің
Тараз қалалық ішкі істер басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ. Досанов
03.02.2012 жыл

Қолданыстағы