Об организации молодежной практики на 2012 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации молодежной практики на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылы жастар практикасн ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 26
- Қабылданған күні
- 27.01.2012
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2012 AI63927_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12UL000135
- ЭКБ идентификаторы
- 63927
- Редакция идентификаторы
- AI63927_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:14
0 2012 жылы жастар практикасын ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-7) тармақшасына, 18-2 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 Қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 27 тамыздағы № 972 қаулысына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған 2012 жылы өңірлік еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізбесі бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Еспенбетовке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 2012 жылға жастар практикасын өткізуді ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізімі
Созақ ауданы әкімдігінің
«27» қаңтар 2012 жылғы
№ 26 қаулысымен бекітілген
2012 жылға жастар практикасын өткізуді ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізімі
№
Кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер атауы
Мамандығы
Жұмыс орындарының саны
Айлық жалақысының мөлшері
Практика өтетін мерзімі (ай)
Қаржыландыру
1
«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық қызмет көрсету комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Созақ филиалы
1.Есептеу техникаларымен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету 2.Құрылыс инженері
2
26000 теңге
6 ай
Республикалық бюджет
2
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қазынашылық департаментінің Созақ аудандық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі
1.Қаржыгер
2.Экономист
2
26000 теңге
6 ай
Республикалық бюджет
3
«Созақ аудандық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекеме
Мал дәрігері
1
26000 теңге
6 ай
Республикалық бюджет
4
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Созақ аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Медициналық бике
1
26000 теңге
6 ай
Республикалық бюджет
5
«Ақ жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1.Экономист - есепші
2.Инженер
2
26000 теңге
6 ай
6
«Созақ аудандық соты» мемлекеттік мекемесі
1.Заңгер
2.Есептеу техникаларымен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету
2
26000 теңге
6 ай
Республикалық бюджет