О предоставлении мер социальной поддержки на 2012 год специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Енбекшильдерского района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки на 2012 год специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Енбекшильдерского района
- Атауы (қаз.)
- Еңбекшілдер ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға келесі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С-2/3
- Қабылданған күні
- 09.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 09.01.2013 63962_191073.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BJ000155
- ЭКБ идентификаторы
- 63962
- Редакция идентификаторы
- 63962_191073
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:07
0 Еңбекшілдер ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға келесі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» № 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Еңбекшілдер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Еңбекшілдер ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға әлеуметтік қолдау шаралары жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы беру түрінде, тұрғын үй сатып алу немесе тұрғын үй салу үшін әлеуметтік қолдау бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып белгіленсін.
2
2. Еңбекшілдер аудандық мәслихаттың «Еңбекшілдер ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына 2012 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2011 жылғы 10 қарашадағы № С – 37/3 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-10-147 тіркелген, 2011 жылғы 16 желтоқсанда «Жаңа дәуір» және 2011 жылғы 17 желтоқсанда «Сельская Новь» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысы Еңбекшілдер
ауданының әкімі Т.Хамитов