Құжат мәтініне өту

Об определении целевых групп населения и мер по их социальной защите от безработицы в 2012 году

Қаулы · № 187 · қабылданған 24.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-63979/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об определении целевых групп населения и мер по их социальной защите от безработицы в 2012 году Күшін жойған Қаулы ·№ 187 ·24.02.2012
25.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении целевых групп населения и мер по их социальной защите от безработицы в 2012 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 187 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении целевых групп населения и мер по их социальной защите от безработицы в 2012 году
Атауы (қаз.)
Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2012 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
187
Қабылданған күні
24.02.2012
Көрсетілген редакция
25.02.2013 AI63979_4.kaz
Соңғы өзгеріс
25.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VB000157
ЭКБ идентификаторы
63979
Редакция идентификаторы
AI63979_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:58

0 Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2012 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2012 жылға Семей қаласы бойынша халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:

1 1) табысы аз адамдар;

2 2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

3 3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

4 4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

5 5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

6 6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

7 7) мүгедектер;

8 8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

9 9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

10 10) оралмандар;

11 11) техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

12 12) жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлға қызметінің тоқтауына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

13 13) есірткіге тәуелді және АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған азаматтар;

14 14) 50 жастан асқан адамдар;

15 15) мектептер мен кәсіптік оқу орындарының түлектері;

16 16) бір де жұмыс істеушісі жоқ жанұялардың тұлғалары;

17 17) басым кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылары;

18 18) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар жатады.

19 19) қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар.

2

2. «Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Семей қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды және олардың жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.

3

3. «Халықтың нысаналы топтарын анықтау және 2011 жылы оларды жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2011 жылғы 11 мамырда № 5-2-144 болып тіркелген, «Семей таңы» газетінде 2011 жылғы 20 мамырдағы № 31, «Вести Семей» газетінде 2011 жылғы 20 мамырдағы № 31 жарияланған) 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 205 қаулының күші жойылған деп танылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы