Құжат мәтініне өту

О предоставлении в 2012 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Нуринского района

Өзге акт · № 20 · қабылданған 16.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-64000/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О предоставлении в 2012 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Нуринского района Күшін жойған Өзге акт ·№ 20 ·16.02.2012
20.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении в 2012 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Нуринского района

Күшін жойған Өзге акт ·№ 20 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении в 2012 году мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Нуринского района
Атауы (қаз.)
2012 жылға арналған Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
20
Қабылданған күні
16.02.2012
Көрсетілген редакция
20.03.2013 64000_209643.kaz
Соңғы өзгеріс
20.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12KN000169
ЭКБ идентификаторы
64000
Редакция идентификаторы
64000_209643
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 03:03

0 2012 жылға арналған Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" (бұдан әрі – Ереже) Қаулысының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2012 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған сома көлемінде келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:

1 1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

2 2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

2 2. 2012 жылғы Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген мамандарына тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау бюджеттік кредит түрінде, маман мәлімдеген бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада өтініш келіп түскен күнінен бастап ұсынылсын.

3 3. "Нұра ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне уәкілетті мекеме ретінде бекітілген Ережеге сәйкес ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеру, қаржы қаражатының қажеттілігін есептеу және комиссияға қарау үшін жіберілсін.

4

4. Нұра аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы 34 сессиясының "2011 жылғы Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит ұсыну туралы" N 327 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-14-142 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2011 жылғы 9 сәуірдегі N 15 (5203) санында жарияланған) және Нұра аудандық мәслихатының 2011 жылғы 21 қыркүйектегі 38 сессиясының "Нұра аудандық мәслихатының 2011 жылғы 11 наурыздағы 34 cессиясының "2011 жылғы Нұра ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін кредит ұсыну туралы" N 327 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" N 369 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізіліміне N 8-14-150 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2011 жылғы 5 қарашадағы N 45 (5231) санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Нұра ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекеменің бастығы
________ М.С. Мұхамеджанова
20 ақпан 2012 жыл
КЕЛІСІЛДІ:
"Нұра ауданының қаржы
бөлімі" мемлекеттік
мекеменің бастығы
_________ Х.А. Беков
20 ақпан 2012 жыл

Қолданыстағы