О мерах по организации социальных рабочих мест в городе Каражал на 2012 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О мерах по организации социальных рабочих мест в городе Каражал на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылға Қаражал қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 40
- Қабылданған күні
- 22.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2012 64033_170408.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12KE000125
- ЭКБ идентификаторы
- 64033
- Редакция идентификаторы
- 64033_170408
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:00
0 2012 жылға Қаражал қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 4 бабының 2 тармағының 5) тармақшасына және 18-1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 316 "Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Нысаналы топтары қатарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілердің тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2
2. "Қаражал қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімі), Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің "Қаражал қаласының Жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жұмыспен қамту орталығы), заңда белгіленген тәртіппен жұмыспен қамту бөлімінде немесе жұмыспен қамту орталығында тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша он екі айға дейін жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастырсын.
3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша шараларды қаржыландыру қала бюджетінің бюджеттік бағдарлама 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бағдарламасы 102 "Жұмыспен қамту жүйесінде азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша толықтыру шаралары" кіші бағдарламасы бойынша көзделген, сондай-ақ Қаражал қаласының бюджетінде қарастырылған мақсатты трансферттердің есебінен бюджеттік бағдарлама 002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" 103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындарын және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" кіші бағдарламасы есебінен жүргізілсін.
4
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілетін адамдардың орташа айлық аударымдар мөлшері жалпы бөлінген қаражат сомасынан жұмысқа орналастырылғандардың жоспарлы саны мен қатысу ұзақтығын ескеріп, міндетті зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын қосқанда алғашқы алты айда жалақы мөлшері 50 пайыз, келесі үш айда – 30 пайыз, соңғы үш айда – 15 пайыз мөлшерінде белгіленсін, жұмыс берушілердің бірлесіп қаржыландыру үлесі жұмыспен қамту бөлімі, жұмыспен қамту орталығы және жұмыс берушінің арасында жасалған шартпен айқындалады.
5
5. Қаражал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 16 маусымдағы N 144 "Қаражал қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде нөмірі 8-5-112 болып тіркелген, "Қазыналы өңір" газетінің 2011 жылғы 16 шілдеде N 29 санында жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары А.Қ. Құрмансейітовке жүктелсін.
7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Қаражал қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 22 ақпан
N 40 қаулысына
қосымша
Нысанды топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын, жұмыс берушілердің
ТІЗІМІ
N
Ұйымның атауы
Кәсіп (мамандық)
Жұмыс орындарының саны
Жұмыс ұзақтығы (айлар)
Айлық жалақы мөлшері, теңге
Өтемақы мөлшері, теңге
1.
"Алау-2011" пәтер иелерінің кооперативі
Кәріз жүйесін жөндеу бойынша жұмысшысы, санитарлық тазалау және көркейту бойынша жұмысшы
5
6 дейін
30000
15000
2.
"Қамқор-2011" пәтер иелерінің кооперативі
Кәріз жүйесін жөндеу бойынша жұмысшы, санитарлық тазалау және көркейту бойынша жұмысшы
6
6 дейін
30000
15000
3.
"Жәйрем кен байыту комбинаты" акционерлік қоғам
Іс қағаз жүргізуші, мұрағатшы
2
6 дейін
40000
20000
4.
"Өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің "Өркен-Атасу" өкілдігі
Іс қағаз жүргізуші, мұрағатшы
5
12 дейін
34878
17439
5.
"Қаражал-Транс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Автомобиль жөндеу шебері
1
12 дейін
52000
26000, 6 ай,
15600, 3 ай,
7800, 3 ай
6.
"Stinoil" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Автокөлік жуушы
1
12 дейін
52000
26000, 6 ай,
15600, 3 ай,
7800, 3 ай
Қосалқы жұмыскер
1
12 дейін
52000
26000, 6 ай,
15600, 3 ай,
7800, 3 ай
7.
"Шахон" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қосалқы жұмыскер
2
12 дейін
52000
26000, 6 ай,
15600, 3 ай,
7800, 3 ай