Құжат мәтініне өту

О направлении безработных на общественные работы в городе Алматы в 2012 году

Қаулы · № 1/148 · қабылданған 01.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-64064/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О направлении безработных на общественные работы в городе Алматы в 2012 году Күшін жойған Қаулы ·№ 1/148 ·01.03.2012
01.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О направлении безработных на общественные работы в городе Алматы в 2012 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 1/148 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О направлении безработных на общественные работы в городе Алматы в 2012 году
Атауы (қаз.)
2012 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1/148
Қабылданған күні
01.03.2012
Көрсетілген редакция
01.02.2013 64064_153388.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12R0000923
ЭКБ идентификаторы
64064
Редакция идентификаторы
64064_153388
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:55

0 2012 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5 тармағына және 20 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған 2012 жылға арналған ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері бекітілсін.

2 2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қоғамдық жұмыстарды орындауға жұмыс берушілермен шарттар жасауға өкілеттік берілсін.

3 3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы айына ең төменгі екі айлық жалақы мөлшерінде белгіленсін.

4 4. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы:

1 1) 2012 жылға арналған Алматы қаласы бюджетінде қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын;

2 2) қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу олардың екінші деңгейдегі банктердегі жеке шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізілсін.

5

5. Алматы қаласы әкімдігінің «2011 жылы Алматы қаласында жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы» 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 4/916 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылы 29 желтоқсанда № 868 болып тіркелген, «Алматы Ақшамы» газетінің 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 1 санында, «Вечерний Алматы» газетінің 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 1-2 санында жарияланған).

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары М. Мұқашевқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

10 Алматы қаласы әкімдігінің

2012 жылғы 1 наурыздағы № 1/148
қаулысымен бекітілген
2012 жылға арналған ұйымдардың
ТІЗБЕСІ,
қоғамдық жұмыстардың түрлері және көлемдері
№ р/с
Жұмыс түрлері
Жұмыс істейтін адам саны
Ұйымдар
Қоғамдық жұмыстардың көлемі мен нақты жағдайлары
1.
Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық ұйымдарына аумақтарды жинауға көмек
1558
Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты, «Тазалық Сити» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Алматы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны, Алматы қаласы Алмалы, Әуезов, Бостандық аудандары әкімдері аппараттарының көріктендіру бөлімдері, Алмалы, Медеу, аудандары әкімдері аппараттарының коммуналдық шаруашылық бөлімдері, «Жетісу» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі, Медеу ауданы Алатау кенті әкімінің аппараты, «Тұран» үй-жайлардың меншік иелері кооперативтерінің қауымдастығы және тағы басқалар
Келісім-
шартқа сәйкес
2.
Өңірді экологиялық сауықтыру (көгалдан
дыру және көріктен
діру)
114
«Тәртіп» акционерлік қоғамы, «Эталон» Құрылыс-жөндеу кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Компания Отау LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және тағы басқалар
Келісім- шартқа сәйкес
3.
Өңірлік қоғамдық науқандарды жүргізуге көмек
1547
Алматы қаласы аудандарының «Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Алматы қалалық құқық тәртібін қорғауға жәрдемдесу жөніндегі қоғамдық бірлестігі» қоғамдық бірлестігі, Алматы қаласы Алатау, Алмалы, Медеу, Түрксіб аудандық ішкі істер басқармаларының көші-қон полициясы бөлімдері, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі, «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі, Алмалы ауданы әкімі аппаратының полицияға қоғамдық жәрдемдесу штабы, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Алмалы, Бостандық, Жетісу, Түрксіб аудандық филиалдары, Әуезов, Түрксіб аудандары әкімдері аппараттарының жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері, «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Әуезов аудандық филиалы, Бостандық ауданының көші-қон полициясының басқармасы, Медеу  аудандық Ішкі істер басқармасы, Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жинақтау орны, Алматы қаласы Түрксіб ауданының әділет басқармасы, «Правопорядок-Т» қоғамдық қоры және тағы басқалар
Келісім- шартқа сәйкес
4.
Қарттар мен мүгедектерге  күтім жасау, балалармен жұмыс,  әлеуметтік қызмет көрсетумен байланысты  өзге де жұмыстар
781
«Алатау ауданының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Қарасу» қоғамдық бірлестігі, «Ұлжан Ұлысы» қоғамдық бірлестігі, «Намыс» жоғары білімі бар мүгедектердің қоғамдық бірлестігі, «ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» мемлекеттік мекемесі, «№ 1 оқушылар үйi» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, «Қарлығаш» жеке кәсіпкер, Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры, «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» мемлекеттік мекемесі, «Қарулы Күштердің мүгедектерге жәрдемдесу қоры» қоғамдық қоры, «Көпбалалы отбасылар одағы» қоғамдық бірлестігі, «Шапағат» Ауғанстан соғысы ардагерлерінің және мүгедектерінің қоғамдық қоры, «Ардагер» Ауғанстан соғысы ардагерлерінің мен мүгедектерінің қоғамдық қоры, «Родник» Балалар және әйелдердің әлеуметтік психологиялық бейімдеу және сауықтыру орталығы» қоғамдық қоры, Жетісу ауданының мүгедектер қоғамы, «Қамқорлық» дағдарыс орталығы, Түрксіб аудандық мүгедектердің ерікті қоғамы, «Әскер» құқықтық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің «Алматы № 2 оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Түрксіб аудандық қайырымдылық қоры және тағы басқалар
Келісім-
шартқа сәйкес
БАРЛЫҒЫ
4000
Ескертпе: еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысқа қарай және жұмыс түрлері бойынша қатысушылардың саны және ұйымдардың тізбесі 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды жүргізуге Алматы қаласы бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.

Қолданыстағы