Об организации общественных работ в 2012 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации общественных работ в 2012 году
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 49
- Қабылданған күні
- 22.02.2012
- Қолданысқа енгізілген күні
- 14.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 22.02.2012 AI64105_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.02.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12GJ000131
- ЭКБ идентификаторы
- 64105
- Редакция идентификаторы
- AI64105_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:00
2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
1. 2012 жылы коғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын аудан аумағындағы ұйымдардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2012 жылғы қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары бекітілін және қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздері 2-қосымшаға сәйкес айқындалсын.
3. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 4 қаңтарынан туындаған қатынастарға таралады.
5. Осы каулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары М.Ж.Тұрысбекке жүктелсін.
«2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Талас ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 22 ақпандағы № 49 қаулысына келісім парағы
КЕЛІСІЛДІ
«Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің
Талас аудандық ішкі істер бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Бүркітбаев
22 ақпан 2012 ж.
2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін уйымдардың тізбесі
Талас ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 22 ақпандағы
№ 49 қаулысына 1- қосымша
2012 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін уйымдардың тізбесі
1. «Талас ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2. «Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3. «Талас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4. «Талас ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5. «Талас ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6. «Талас ауданы Ақкұм ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7. «Талас ауданы Берікқара ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8. «Талас ауданы Бостандық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9. «Талас ауданы Көктал ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік коммуналдық мекемесі;
10. «Талас ауданы Қызыл-әуіт ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11. «Талас ауданы Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12. «Талас ауданы Қасқабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13. «Талас ауданы Қаратау ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14. «Талас ауданы Ойық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15. «Талас ауданы Тамды ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16. «Талас ауданы Үшарал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17. «Талас ауданы С.Шәкіров ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18. «Қаратау қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19.«Талас ауданы әкімінің сәулет, қала кұрылысы және кұрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20. «Талас ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21. «Талас ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22. «Талас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23. «Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің Талас аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
24. Талас аудан әкімдігінің «Таза Қала» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, сұраныс пен ұсыныс, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды каржыландырудың көздері
Талас ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 22 ақпандағы
№ 49 қаулысына 2- қосымша
Қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, сұраныс пен ұсыныс, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері және оларды каржыландырудың көздері
№ | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Атқарылатын жұмыс көлемі мен нақты жағдайлары | Сұраныс | Ұсыныс | Қатысушылардың еңбекақысының мөлшері (бір қатысушыға) және оларды қаржыландырудың көздері |
1 | Көркем безендіру және көғалдандыру | Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімді 9 ай. Қала, ауыл округтері бойынша көркем безендіру-120 километр. Қоқыстан тазарту жұмыстары-3 3000 куб метр, гүл және тал ағаштарын отырғызу - 10000 түп. | 90 | 90 | 30 000 тенге жергілікті бюджет |
2 | Халыққа әлеуметтік көмек көрсетуге көмектесу | Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімді 9 ай. Аудан бойынша әлеуметтік көмек түрлерін алушылардың құжаттарын рәсімдеуге көмектесу - 112000 құжат | 5 | 5 | 30 000 тенге жергілікті бюджет |
3 | Кужаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету | Толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша, жұмыс мерзімді 9 ай. Мекемелердегі кұжаттарды рәсімдеуге техникалық көмек көрсету - 17900 құжат | 5 | 5 | 30 000 тенге жергілікті бюджет |
Барлығы: | 100 | 100 |