Құжат мәтініне өту

Об утверждении категории граждан Актогайского района, имеющих право на социальные выплаты в 2012 году

Өзге акт · № 11/2 · қабылданған 24.02.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-64181/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении категории граждан Актогайского района, имеющих право на социальные выплаты в 2012 году Күшін жойған Өзге акт ·№ 11/2 ·24.02.2012
30.05.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении категории граждан Актогайского района, имеющих право на социальные выплаты в 2012 году

Күшін жойған Өзге акт ·№ 11/2 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении категории граждан Актогайского района, имеющих право на социальные выплаты в 2012 году
Атауы (қаз.)
Ақтоғай ауданының 2012 жылы әлеуметтік төлем алуға құқылы азаматтар санаттарын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11/2
Қабылданған күні
24.02.2012
Көрсетілген редакция
30.05.2012 AI64181_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.05.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12PD000113
ЭКБ идентификаторы
64181
Редакция идентификаторы
AI64181_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:59

0 Ақтоғай ауданының 2012 жылы әлеуметтік төлем алуға құқылы азаматтар санаттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11-бабына, Қазақстан Республикасының "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына сәйкес, әлеуметтік төлем алуға құқылы азаматтар санаттарын анықтау мақсатында Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДI:

1 1. Әлеуметтiк төлем алуға құқылы келесі азаматтар санаттары бекітілсін:

1 1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;

2 2) онкология ауруынан емделуді қажет ететін азаматтар;

3 3) табыстары азық-түлік себетінің мөлшерінен аспайтын азаматтар;

4 4) табыстары азық-түлік себетінен аспайтын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын алушылар, зейнеткерлер;

5 5) Чернобыль атом электростанциясы апатының зардабын жоюға қатысушылар және Ауған соғысының жауынгерлері;

6 6) жетім балалар;

7 7) орта мектептердің түлектері - облыс әкімінің гранты бойынша жоғары оқу орындарында оқитын табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы, жетімдер;

8 8) ағымдағы жылы ауданға жұмысқа орналасуға келген жоғары медициналық оқу орындарының түлектері;

9 9) Ұлы Отан соғысы ардагерлерi мен мүгедектерi;

10 10) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестiрiлгендер:

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда  мінсіз жауынгерлік қызмет және жанкешті еңбегі үшін бұрынғы КСРО орденімен және медалімен марапатталған тұлғалар;
қайтадан неке құрмаған Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлері;
бейбіт өмірде қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайтадан неке құрмаған жесірлері;
гетто және шоғырландыру лагерлердің тұтқындары;

11 11) Ақтоғай ауданында тіркелген "Ақтоғай ауданының туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесінде тіркеуде тұрған туберкулезбен ауыратындар және оқу орындарында анықталған туберкулезбен ауыратын жоғары оқу орындарынының және колледж студенттері;

12 12) балалық сал ауруымен ауыратын мүгедек-балалары бар отбасылары;

13 13) мүгедек балалар;

14 14) барлық топтағы мүгедектер;

15 15) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеуші, жалғызбасты аналар;

16 16) жерлеу үшін табысына және отбасы құрамына тәуелсіз келесі санаттағы азаматтардың (зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы тұлғалардан басқа) отбасылары:

жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған жұмыссыздар;
жұмыспен қамту ұйымдарында тіркеуде тұрғанына қарамастан зейнетақылық жасқа дейінгі жұмыс істемегендер: ер азаматтар - 60 жастан, әйел адамдар 55 жастан;
жұмыспен қамту ұйымдарында тіркеуде тұрғанына және жасына қарамастан жұмыс істемеген Ауған соғысының іс-әрекетіне қатысушылар, Чернобыль атом электростанциясының апатын жоюға қатысушылар;

17 17) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан қаражатсыз қалған тұлғалар;

18 18) коммуналдық қызметті өтеу үшін аз мөлшерде зейнетақы алушы зейнеткерлер;

19 19) жақын туыстары жоқ зейнеткерлер;

20 20) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген және кәсіби дайындау және қайта дайындауға жіберілген азаматтар;

21 21) бейбіт өмірде қайтыс болған әскери қызметкерлерінің отбасылары;

22 22) уақытында, 12 аптаға дейін емдеу мекемесіне жүктілігі бойынша тіркеуге тұру үшін жүгінген жүкті әйелдер;

23 23) қант диабетімен ауыратын азаматтар;

24 24) табыстары азық-түлік себетінен аспайтын 1 жасқа дейін кеуде сүтiмен емiзу жасындағы балалары бар отбасылары;

25 25) Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары.

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,
мәслихат хатшысы                           Т. Мұқанов

Қолданыстағы