Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в 2012 году в Тимирязевском районе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в 2012 году в Тимирязевском районе
- Атауы (қаз.)
- Тимирязев ауданында 2012 жылы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруын қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 72
- Қабылданған күні
- 19.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 24.06.2013 64466_179370.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.06.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12SL000147
- ЭКБ идентификаторы
- 64466
- Редакция идентификаторы
- 64466_179370
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:48
0 Тимирязев ауданында 2012 жылы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруын қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27-бабы 3-тармағымен, 28-бабы 1-тармағымен, 31-бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімінен өтпеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақыруын қамтамасыз етілсін және ұйымдарстырылсын.
2 2. Қосымша берілген 2012 жылы мерзімді әскери қызметіне азаматтарды шақыру өткізу кестесі бекітілсін.
3 3. «Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне:
«Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі шаралар» 122-005-000 бюджеттік бағдарлама паспортымен қарастырылған, шараларды жүзеге асыру үшін қаржыландыру жоспары орындалуын қамтамасыз етілсін;
шақыруды өткізу уақытына шақырушыларға құжаттарды рәсімдеу бойынша техникалық жұмыстарды орындау үшін екі адам санында техникалық қызметкерлермен жеке еңбек шарттар жасалсын.
4 4. Ауылдық (селолық) округ әкімдеріне шақыру комиссиясына ауылдық (селолық) округтерінде тұратын шақырылушыларды тұратын мекенжайынан Тимирязев селосындағы шақыру пунктіне дейін және кері тұратын мекен-жайына дейін бірге жүруші тұлғамен қамтамасыз ету.
5
5. «Тимирязев ауданында 2011 жылы азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруын қамтамасыз ету және ұйымдастыру туралы» (нормативтік-құқықтық актілерде № 13-12-123 мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 9 сәуірдегі № 17 «Көтерілген тың», 2011 жылғы 9 сәуірдегі № 17 «Нива» аудандық газеттерінде жарияланды) 2011 жылғы 24 наурыздағы № 63 аудан әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Е. Мәкеноваға жүктелсін.
7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлім»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
А.Н. Константинов
8 2012 жылғы 19 наурыздағы № 72
Тимирязев ауданы әкімдігі қаулысымен
бекітілді
2012 жылы мерзімді әскери қызметіне азаматтарды шақыру өткізу
КЕСТЕСІ
р/
с
№
Селолық (ауылдық)
округінің атауы
10
сәуір
11
сәуір
12
сәуір
13
сәуір
2
қазан
3 қазан
4
қазан
5
қазан
1
Ақжан
-
1
1
1
2
1
-
-
2
Ақсуат
3
3
2
-
9
4
-
-
3
Белоградовский
1
5
4
-
4
3
1
-
4
Дмитриевский
3
3
2
2
4
5
-
-
5
Дзержинский
1
-
-
-
-
-
5
-
6
Докучаевский
5
2
2
2
10
-
-
7
7
Есіл
2
2
4
-
1
2
1
-
8
Интернациональный
-
-
2
1
3
-
-
-
9
Комсомольский
1
5
7
-
-
-
12
-
10
Ленинский
1
2
-
1
-
-
2
-
11
Москворецкий
5
2
2
2
-
-
-
8
12
Мичуринский
10
2
3
-
2
3
4
-
13
Құртай
2
4
1
2
-
17
-
-
14
Тимирязев
10
10
9
2
10
10
10
-
15
Хмельницкий
-
3
2
2
-
-
5
-
16
Целинный
1
1
4
-
-
-
5
-
Ескерту: медициналық тексерістен қайтарылған азаматтар бойынша шақыру комиссия отырысы аптасына бір рет сәрсенбі күні өткізіледі, көктемгі шақыру 30 маусымға дейін, күзгі шақыру 30 желтоқсанға дейін