Об определении целевых групп населения на 2012 год
Күшін жойған
Қаулы
·№ 166
·
21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении целевых групп населения на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 166
- Қабылданған күні
- 30.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2013 AI64502_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12UO000136
- ЭКБ идентификаторы
- 64502
- Редакция идентификаторы
- AI64502_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:41
0 2012 жылға халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 5, 7 баптарына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2012 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін.
2 2. Нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесіне Шардара ауданының аумағында тұратын келесі тұлғалар кіреді:
1 1) ұзақ (он екі айдан аса) жұмыс істемеген адамдар;
2 2) елу жастан асқан тұлғалар;
3 3) алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ, 21 жастан 29 жас аралығындағы жұмыс істемейтін жастар;
4 4) уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби оқуды аяқтаған тұлғалар;
5 5) кәсіби және техникалық, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері;
6 6) жұмыссыз әйелдер;
7 7) өз бетінше жұмыспен айналысушылар.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Оспановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі М.Мараим