Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Қаулы · № 165 · қабылданған 20.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-64504/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 165 ·20.03.2012
27.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 165 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке азаматтардың кезекті шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
165
Қабылданған күні
20.03.2012
Көрсетілген редакция
27.02.2013 64504_182790.kaz
Соңғы өзгеріс
27.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VF000159
ЭКБ идентификаторы
64504
Редакция идентификаторы
64504_182790
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:46

0 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери

қызметке азаматтардың кезекті шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасы, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілерінің мәртебесі туралы» Заңының 27, 28, 29, 31 баптары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының басқа да Әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2 2. 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргiзу үшін аудандық шақыру комиссияның кұрамы бекiтiлсiн (1 қосымша).

3 3. Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің бастығына (М. Жақашев) ұсынылсын:

1 1) шақыру пунктін жұмыс жүргізуге дайындау;

2 2) дәрігер-мамандармен және шақыру пунктінің әкімшілігімен әдістемелік-нұсқаулық сабақтар жүргізу;

3 3) шақыруды өткізу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу.

4 4. «Аягөз аудандық медициналық бiрлестiгi» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бастығына (Ж. Жұмаханов) ұсынылсын:

1 1) шақырушылардың талдауларының зертханалық, кеуде органдарының флюорографиялық зерттелуін ұйымдастыру;

2 2) шақырушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемесін қажетті орындар санымен қамтамасыз ету;

3 3) шақырушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөліміне дәрігерлер мен орта медицина персоналдарының қажет санын бөлу;

4 4) шақырушылардың уақтылы және сапалы медициналық тексерілуі мен емделуін бақылауға алу.

5 5. Қала, кент және барлық ауылдық округтері әкiмдерi 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруға тиiстi азаматтарды аудандық қорғаныс iстерi жөнiндегi біріккен бөлiмiне шақырылғандығы туралы хабардар және келуiн қамтамасыз етсiн.

6 6. Аягөз қалалық және аудандық iшкi iстер бөлiмiнің бастығына (Ш.Құнанбаев) ұсынылсын:

1 1) шақырушыларды әскерге аттандыру және аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;

2 2) қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің хабарламасы бойынша мерзімді әскери қызметке шақырылудан бас тартатын азаматтарды іздестіру мен оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуге жәрдемдесу.

7 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданының әкімінің орынбасары С. Ысқақовқа жүктелсін.

8 8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

Келісілді:
Аягөз қаласының қорғаныс
істері жөніндегі біріккен
бөлімінің бастығы М. Жақашев
20.03.2012 ж.
Аягөз қалалық және
аудандық iшкi iстер
бөлiмiнің бастығы Ш. Құнанбаев
20.03.2012 ж.
Аягөз аудандық медициналық
бiрлестiгiнің бастығы Ж. Жұмаханов
20.03.2012 ж.

18 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін аудандық комиссияның құрамы

Аягөз ауданы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 20 наурыздағы № 165
қаулысына 1 қосымша
2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті
мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін аудандық
комиссияның құрамы
Ысқақов Сейлбек Әбиұрұлы
Аягөз ауданы әкiмiнің орынбасары, комиссия төрағасы;
Кадрахунов Қайрат Камалұлы
Аягөз қаласының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi бастығының міндетін атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары (келiсiм бойынша).
Комиссия мүшелерi:
Жакупов Мұхтар Омарханұлы
Аягөз қалалық және аудандық iшкi істер бөлiмi бастығының орынбасары (келiсiм бойынша);
Санқайбаев Нұрлан Өртбайұлы
Аягөз аудандық медициналық бірлестігі бастығының орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келiсiм бойынша);
Жақсыбаева Сәуле Төлеужанқызы
Аягөз аудандық медициналық бірлестігінің медбикесi, комиссия хатшысы (келiсiм бойынша).

Қолданыстағы