О предоставлении мер социальной поддержки в виде подъемного пособия и кредита для приобретения или строительства жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Каркаралинского района в 2012 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении мер социальной поддержки в виде подъемного пособия и кредита для приобретения или строительства жилья специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Каркаралинского района в 2012 году
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылы Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 3/28
- Қабылданған күні
- 29.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 03.03.2016 AI64526_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.03.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12KM000118
- ЭКБ идентификаторы
- 64526
- Редакция идентификаторы
- AI64526_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:42
0
2012 жылы Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағы 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7 бабы 3 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" N 183 қаулысының 2 тармағына сәйкес, (әрі қарай – Ереже) аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. 2012 жылы Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына, өтініш берген сәтіне жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомада, көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2
2. 2012 жылы Қарқаралы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына өтініш берген сәтіне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, маманмен мәлімделген сомада, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
3 3. Бекітілген Ережеге сәйкес, ауылдық аумақтарды дамыту бойынша өкілетті орган ретінде "Қарқаралы ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі, осы шешімді іске асыру жөнінде шаралар қолдансын.
4 4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 - сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы:
С. Нүркенов
"Келісілді"
"Қарқаралы ауданының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б. Берниязов
29 наурыз 2012 жыл