О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1871
- Қабылданған күні
- 30.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 14.01.2013 64557_199724.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12LI000219
- ЭКБ идентификаторы
- 64557
- Редакция идентификаторы
- 64557_199724
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:41
0 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы N 561-IV Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына, "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 274 Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Шиелі ауданындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2 2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы осы қаулының
1-қосымшасына сәйкес құрылсын.
3 3. Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
4 4. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (Н.Әмір, келісім бойынша):
1 1) әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыруды ұйымдастыру және өткізу үшін білікті дәрігер-мамандар бөлуге ықпал ету;
2 2) медициналық комиссияны қажетті дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен және медициналық мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
5
5. "Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (У.Исмаилов, келісім бойынша) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды іздестіруді, сондай-ақ әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жөнелту және олардың кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерін бөлу ұсынылсын.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н.Мырзабековке жүктелсін.
7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"КЕЛІСІЛДІ"
Қызылорда облысының денсаулық
сақтау басқармасының "Шиелі
аудандық емханасы" шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорнының
бас дәрігері Әмір Нұрлан Әмірұлы
________________ 2012 ж "30" наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысы Шиелі ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Нурхожин Даулеткали Ергалиевич
________________ 2012 ж "30" наурыз
"КЕЛІСІЛДІ"
"Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қарынбаев Саттар Әбіләзімұлы
________________ 2012 ж "30" наурыз
10 Аудан әкімдігінің
2012 жылғы "30" наурыздағы
N 1871 қаулысына N 1-қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Комиссия төрағасы
Шиелі ауданы әкімінің орынбасары;
Комиссия төрағасының орынбасары
"Қызылорда облысы Шиелі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша);
Комиссия мүшелері:
Комиссия мүшесі
-
"Шиелі аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Медициналық комиссияның төрағасы
-
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас дәрігерінің орынбасары (келісім бойынша);
Комиссия хатшысы
-
Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының "Шиелі аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының медициналық мейірбикесі (келісім бойынша).
11 Аудан әкімдігінің
2012 жылғы "30" наурыздағы
N 1871 қаулысына N 2-қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі
Комиссияның жұмыс атқаратын күндері,
уақыты 9.00-ден 18.00-ге дейін
"Қызылорда облысы Шиелі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі
күндері
сәуір
мамыр
маусым
қазан
қараша
желтоқсан
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31