Құжат мәтініне өту

О проведении весеннего и осеннего призыва на срочную воинскую службу в 2012 году

Қаулы · № 732 · қабылданған 20.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-64570/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О проведении весеннего и осеннего призыва на срочную воинскую службу в 2012 году Күшін жойған Қаулы ·№ 732 ·20.03.2012
12.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении весеннего и осеннего призыва на срочную воинскую службу в 2012 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 732 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении весеннего и осеннего призыва на срочную воинскую службу в 2012 году
Атауы (қаз.)
2012 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
732
Қабылданған күні
20.03.2012
Көрсетілген редакция
12.03.2013 AI64570_2.kaz
Соңғы өзгеріс
12.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VM000124
ЭКБ идентификаторы
64570
Редакция идентификаторы
AI64570_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:47

0 2012 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27, 28, 30, 31-баптарына «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2012 жылғы 01 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 274 Жарлығына, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2012 жылғы 01 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген ер азаматтар, 2012 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2 2. «Катонқарағай ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Д.К. Молдажановқа және «Катонқарағай ауданының № 2 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры А.Ш. Қадырбаевқа төмендегі ұсынылсын:

1 1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерін бөлу;

2 2) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерінде әскери қызметке шақырылатындардың денсаулығын және стационарлық тексерілуін өткізу үшін бос орындар ұстау;

3 3) шақырылушылардың уақытылы және сапалы түрде медициналық тексерілуін бақылауға алу.

3 3. Ауылдық округ әкімдері әскерге шақырылушы азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғандығы туралы хабарландырсын және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

4 4. «Катонқарағай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Т.С. Қолдыбаевқа төмендегі ұсынылсын:

1 1) әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтарды іздеу және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу;

2 2) аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезінде, шақыру  учаскесінде және облыстық жинақтау пунктіне әскерге шақырылушыларды аттандыру кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Құрмамбаевқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Катонқарағай ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы
А. Қаңтарбаев
19 наурыз 2012 жыл
Катонқарағай ауданының
iшкi iстер бөлiмiнің бастығы
Т.С. Қолдыбаев
19 наурыз 2012 жыл
«Катонқарағай ауданының
№ 1 медициналық бірлестігі»
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының директоры
Д.К. Молдажанов
19 наурыз 2012 жыл
«Катонқарағай ауданының
№ 2 медициналық бірлестігі»
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнының директоры
А.Ш. Қадырбаев
19 наурыз 2012 жыл

Қолданыстағы