О предоставлении специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Аккольского района, социальной поддержки в виде подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение жилья в 2012 году
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Аккольского района, социальной поддержки в виде подъемного пособия и бюджетного кредита на приобретение жилья в 2012 году
- Атауы (қаз.)
- Ақкөл ауданының селолық елді мекендеріне 2012 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсету және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- С 2-3
- Қабылданған күні
- 19.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 08.08.2012 64614_189725.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BC000176
- ЭКБ идентификаторы
- 64614
- Редакция идентификаторы
- 64614_189725
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:48
0 Ақкөл ауданының селолық елді мекендеріне 2012 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт салаларының мамандарына көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсету және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие беру туралы
2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына сәйкес, 2009 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету мөлшерлері мен Ережесін бекіту туралы» қаулысының негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Ақкөл ауданының селолық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына бір маманға жетпіс айлық есептік көрсеткішіне тең сомада көтерме жәрдемақы түрінде әлеуметтік қолдау көрсетіліп, тұрғын үй сатып алуға немесе тұрғын үй құрылысына бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын бюджеттік несие берілсін.
2 2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақкөл ауданының әкімі А.С.Үйсімбаев