О предоставлении подъемного пособия специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты на 2012 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О предоставлении подъемного пособия специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры и спорта, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы ұсыну туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4/26
- Қабылданған күні
- 19.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 07.02.2013 64681_170450.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.02.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12KB000152
- ЭКБ идентификаторы
- 64681
- Редакция идентификаторы
- 64681_170450
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:48
0 2012 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Жезқазған қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. 2012 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс еселік айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
2
2. Жезқазған қалалық мәслихатының "2011 жылға арналған ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы ұсыну туралы" 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 28/331 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-2-129 нөмірімен тіркелген, 2011 жылдың 14 қаңтардағы N 2 (7700) "Сарыарқа" газетінде және 2011 жылдың 14 қаңтардағы N 2 (246) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.