О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 79
- Қабылданған күні
- 28.03.2012
- Көрсетілген редакция
- 03.01.2013 64684_204277.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12LE000178
- ЭКБ идентификаторы
- 64684
- Редакция идентификаторы
- 64684_204277
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:43
0 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы N 561-ІV Заңының 27 бабына, "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы N 274 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан - желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 1 наурыздағы N 274 Жарлығын iске асыру туралы" N 326 қаулысына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қармақшы ауданындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012.05.10 N 149 қаулысымен.
2 2. Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы осы қаулының
1-қосымшасына сәйкес құрылсын.
📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 2012.10.30 N 273 қаулысымен.
3 3. Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі осы қаулының N 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
4 4. "Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының Қармақшы аудандық емханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Б.Нысанбаев, келісімі бойынша):
1 1) әскерге шақырылушыларды медициналық куәландыруды ұйымдастыру және өткізу үшін білікті дәрігер-мамандар бөлуге ықпал ету;
2 2) медициналық комиссияны қажетті дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен және медициналық мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
5
5. "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Қызылорда Облыстық Ішкі Істер Департаментінің Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Нәбиев, келісімі бойынша) мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлерін бөлу ұсынылсын.
6 6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ә. Ерсұлтановқа жүктелсін.
7 7. Қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Келісілді
"Қызылорда облысының денсаулық
сақтау басқармасының Қармақшы
аудандық емханасы шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсіпорны" бастығы
Б.Нысанбаев ___________________
2012 жыл ______________________
Келісілді
"Қызылорда облысы Қармақшы
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесі бастығы
Н.Бердібеков _____________________
2012 жыл _________________________
Келісілді
"Қазақстан Республикасы Ішкі
Істер Министрлігі Қызылорда
Облыстық Ішкі Істер Департаментінің
Қармақшы аудандық Ішкі Істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесі бастығының
міндетін атқарушы
Ж. Құлымбетов________________
2012 жыл ____________________
10 2012 жылғы "28" наурыздағы
Қармақшы ауданы әкімдігінің
N 79 қаулысына N 1 қосымша
Аудандық әскерге шақыру комиссиясының құрамы
Комиссия төрағасы
-
Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары;
Комиссия төрағасының орынбасары
-
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мемлекеттік мекемесі бастығы;
Комиссия мүшелері
Комиссия мүшесі
-
"Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Қызылорда Облыстық Ішкі Істер Департаментінің Қармақшы аудандық ішкі істер бөлімі мемлекеттік мекемесі" бастығының орынбасары, (келісімі бойынша);
Комиссия мүшесі, медициналық комиссияның төрағасы
-
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының Қармақшы аудандық емханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны" бастығының орынбасары, (келісімі бойынша);
Комиссия хатшысы
-
"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының Қармақшы аудандық емханасы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның" мейірбикесі, (келісімі бойынша);
11 2012 жылғы "28" наурыздағы
Қармақшы ауданы әкімдігінің
N 79 қаулысына N 2 қосымша
Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі
Комиссияның жұмыс атқаратын күндері,
уақыты 9.00-ден 18.00-ге дейін
"Қызылорда облысы Қармақшы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі
күндері
сәуір
мамыр
маусым
қазан
қараша
желтоқсан
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31