Құжат мәтініне өту

О проведении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и в октябре-декабре 2012 года

Қаулы · № 129 · қабылданған 29.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-64710/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О проведении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и в октябре-декабре 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 129 ·29.03.2012
16.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и в октябре-декабре 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 129 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и в октябре-декабре 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
129
Қабылданған күні
29.03.2012
Көрсетілген редакция
16.01.2013 AI64710_2.kaz
Соңғы өзгеріс
16.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VO000103
ЭКБ идентификаторы
64710
Редакция идентификаторы
AI64710_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:42

0 2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27, 28, 29, 30 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 274 Жарлығының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 274 Жарлығын іске асыру туралы» № 326 қаулысына сәйкес, 2012 жылы көктемінде (сәуір-маусым), күзде (қазан-желтоқсан) азаматтарды мерзімді әскери қызметке уақтылы және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызметке шақыру бойынша мерзімді әскери қызметті өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.

2 2. Шақыру комиссиясы құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. «Көкпекті ауданының № 2 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына шақыру комиссиясының бағыттары бойынша әскерге шақырушылардың уақтылы тексерілуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Селолық округтарының әкімдеріне шақырылушыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғандары туралы хабардар ету және шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз ету.

5 5. Көкпекті аудандық ішкі істер бөліміне ұсынылсын:

1 1) шақырылушыларды әскерге аттандыруда және аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезеңінде шақыру пунктіне қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;

2 2) мерзімді әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіру,оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуге жәрдемдесу.

6

6. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі «2011 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» № 993 қаулысының, аудан әкімдігінің 2011 жылғы 22 тамыздағы «2011 жылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 993 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 1185 қаулысының күші жойылсын деп есептелсін.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары К.Р. Смаиловаға жүктелсін.

8 8. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
«Көкпекті ауданының
Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы                        М. Садыков
29.03.2012 ж.
«Көкпекті ауданының
№ 2 медициналық бірлестігі»
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны
директорының міндетін атқарушы             Н. Әубакиров
29.03.2012 ж.
ШҚО ІІД Көкпекті аудандық
ішкі істер бөлімнің бастығы                Е. Сейлханов
29.03.2012 ж.

11 Шақыру комиссиясының құрамы

2012 жылғы 29 наурызындағы
Көкпекті ауданының әкімдігінің
№ 129 қаулысына қосымша
Шақыру комиссиясының құрамы
Смаилова Клара Рафикқызы
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Садыков Марат Далелханұлы
Көкпекті ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Жарылқасынов Бегебай Жарылқасынұлы
аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы (келісім бойынша)
Әубакиров НұрланКұсманұлы
аудандық № 2 медициналық  бірлестігінің директордың орынбасары (келісім бойынша)
Ахметова Жанар
аудандық медициналық бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Қолданыстағы