Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Қаулы · № 128 · қабылданған 02.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-64738/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 128 ·02.04.2012
28.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 128 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Атауы (қаз.)
Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
128
Қабылданған күні
02.04.2012
Көрсетілген редакция
28.12.2012 64738_177799.kaz
Соңғы өзгеріс
28.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12CC000141
ЭКБ идентификаторы
64738
Редакция идентификаторы
64738_177799
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:39

0 Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Алға ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі шақыру күні 18 жастан 27 жасқа дейін мерзімді әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты шақырылуын кейінге қалдыру құқығын жоғалтқан ер азаматтарды 2012 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсаныңда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыру учаскесінде тіркеуі жүргізілсін.

2 2. Аудандық шақыру комиссиясы төмендегі құрамында бекітілсін:

Алға ауданы әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасы Ағниязов Нурхан Сабыржанович
Алға ауданы қорғаныс
істері жөніндегі бөлім
бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Кусмамбетов Серик Жексенбаевич
Комиссия мүшелері:
Алға аудандық ішкі істер бөлімі
бастығының орынбасары Султанов Алтай Жарылкасынович
Алға аудандық орталық
ауруханасы бас дәрігерінің
оырнбасары, медициналық комиссиясының
аға дәрігері Каликова Нуржамал Татархановна
Алға аудандық орталық
ауруханасының медбикесі,
комиссия хатшысы Бахитжанова Жамиля Бектурсиновна

3 3. «Алға аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1 1) шақырудың барлық кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртiптi сақтау үшiн 2 адамнан тұратын полиция нарядын бөлсiн;

2 2) шақырудан бас тартқан мерзімді әскери қызметті өтеуден жалтарған азаматтарды және оларды Алға ауданының шақыру учаскесіне әкелуді жүзеге асыруды ұйымдастырсын;

3 3) жетi күндiк мерзiм ішiнде «Алға ауданы қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне анықтама немесе алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан әскерге шақырылушылар туралы хабарласын.

4 4. «Алға ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі аудан әкіміне 2012 жылдың 30 маусымы мен 30 желтоқсанында шақыру қорытындылары туралы ақпарат берсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. С. Ағниязовқа және «Алға ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы С. Ж. Кусмамбетовке жүктелсiн.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы