О проведении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу по Уилскому району в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу по Уилскому району в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
- Атауы (қаз.)
- Ойыл ауданы бойынша 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 69
- Қабылданған күні
- 09.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 08.01.2013 64847_177352.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12CK000110
- ЭКБ идентификаторы
- 64847
- Редакция идентификаторы
- 64847_177352
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:35
0 Ойыл ауданы бойынша 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561 «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Ойыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында есепте тұратын он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды Қарулы Күштерді жасақтау үшін мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.