О проведении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре месяцах 2012 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О проведении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре месяцах 2012 года
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 145
- Қабылданған күні
- 11.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 31.01.2013 AI64892_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12VR000149
- ЭКБ идентификаторы
- 64892
- Редакция идентификаторы
- AI64892_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:33
0 2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27, 28, 30, 31 бабтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» № 274 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» № 326 қаулысына сәйкес, азаматтарды мерзімді әскери қызметке уақытылы және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында,Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызметке шақыру бойынша белгіленген мерзімді әскери қызметті өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.
2 2. Келесі құрам бойынша әскерге шақыру комиссиясы құрылсын:
Байсинов Қабдысадық Ақбайұлы
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Құлсеитов Қанатбек Дүйсенұлы
қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, төрағасының орынбасары (келiсiмi бойынша);
Комиссия мүшелері:
Тұрдиев Талғат Саматұлы
аудандық iшкi iстер бөлiмі бастығының орынбасары (келiсiмi бойынша);
Чакаров Темеш Бордатханұлы
аудандық орталық аурухана директорының орынбасары, медициналық комиссияның төрағасы (келiсiмi бойынша);
Ракишева Құралай Қасенғазықызы
аудандық орталық аурухана медбикесі, әскерге шақыру жөнiндегi комиссиясының хатшысы (келiсiмi бойынша).
3 3. Үржар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына (Қ. Құлсеитов):
1 1) шақыру пунктін жұмыс жүргізуге дайындау;
2 2) шақыруды өткізу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу ұсынылсын.
4 4. Үржар ауданы № 1 медициналық бірлестігіне Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру ұсынылсын.
5 5. Үржар аудандық iшкi iстер бөлiмiнің бастығына (М. Ішкібаев) шақырылушыларды әскерге аттандыруда және аудандық шақыру комиссиясы жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
6 6. Ауылдық округ әкiмдерiне шақырылушыларды қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмге шақырылғандары туралы хабардар ету және шақыру комиссиясына келуiн қамтамасыз ету тапсырылсын.
7 7. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Байсиновқа жүктелсiн.
8 8. Қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Үржар ауданы қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
Қ. Құлсеитов
11 сәуір 2012 жыл
Үржар ауданының Ішкі істер
бөлімінің бастығы
М. Ішкібаев
11 сәуір 2012 жыл
Үржар ауданының № 1 медициналық
бірлестігі директорының м.а.
Т. Чакаров
11 сәуір 2012 жыл