Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Қаулы · № 7-226 · қабылданған 19.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-64940/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 7-226 ·19.03.2012
26.06.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.06.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 7-226 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7-226
Қабылданған күні
19.03.2012
Көрсетілген редакция
26.06.2013 64940_188737.kaz
Соңғы өзгеріс
26.06.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12DA000159
ЭКБ идентификаторы
64940
Редакция идентификаторы
64940_188737
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:47

0 Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1-тармағына, 31-бабына, Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметтегі кезекті шақыру туралы" N 274 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы N 274 Жарлығын іске асыру туралы" N 326 қаулысы сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 31/33 үй мекен-жайындағы шақыру учаскесіне "Алматы облысы Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы" мемлекеттік мекемесі әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

2 2. Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне қалалық шақыру комиссиясының құрамы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.

3 3. Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4

4. "Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі бастығына (Бақытберген Нұрахымұлы Бейсебаев) (келісім бойынша) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді, "Алматы облысы Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасы" мемлекеттік мекемесіне азаматтарын тұрғылықты жері бойынша әскери есепке қою немесе шығару туралы мәліметтер тіркеуді жүзеге асырсын.

5

5. Қала әкімдігінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі "Талдықорған қаласында 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" (Алматы облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 5 мамырдағы тіркелген нөмірі 2-1-142 және "Талдықорған" газетінің 2011 жылғы 13 мамырдағы 21-нөмірінде жарияланған) N 9-400 қаулысының, қала әкімдігінің 2011 жылғы 15 тамыздағы "Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі "Талдықорған қаласында 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 9-400 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Алматы облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 16 қыркүйектегі тіркелген нөмірі 2-1-146 және "Талдықорған" газетінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі 41-нөмірінде жарияланған) N 19-851 қаулысының, қала әкімдігінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі "Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі "Талдықорған қаласында 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" N 9-400 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Алматы облысының Әділет департаментінде Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 14 желтоқсандағы тіркелген нөмірі 2-1-151 және "Талдықорған" газетінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы 54-нөмірінде жарияланған) N 21-920 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаевқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Алматы облысы әкімдігінің
"Алматы облысының денсаулық
сақтау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің шаруашылық
жүргізу құқығындағы
"Талдықорған қалалық емханасы",
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорнының директоры
Тлеуберді Максимұлы Жансеңгіров
19 наурыз 2012 жыл
"Талдықорған қалалық ішкі
істер басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Бақытберген Нұрақымұлы Бейсебаев
19 наурыз 2012 жыл
"Алматы облысы Талдықорған
қаласының қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Ғалымжан Қуанышбайұлы Жантурин
19 наурыз 2012 жыл

8 Қала әкімдігінің 2012 жылғы

19 наурыздағы "Қазақстан
Республикасының азаматтарын
2012 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында
кезекті мерзімді әскери қызметке
шақыру туралы" N 7-226 қаулысына
1-қосымша
Қалалық шақыру комиссиясының құрамы
Қайрат Найманбайұлы
Бұлдыбаев
- комиссия төрағасы, қала
әкімінің орынбасары,
Ғалымжан Қуанышбайұлы
Жантурин
- комиссия төрағасының
орынбасары, Алматы облысы
Талдықорған қаласының
қорғаныс істері жөніндегі
біріктірілген басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы,
Комиссия мүшелері:
Ермек Молдақұлұлы Егінбаев
- "Талдықорған қалалық ішкі істер
басқармасы" мемлекеттік мекемесі
бастығының орынбасары;
Бахыт Мәженқызы
Джаппарханова
- Алматы облысы әкімдігінің
"Алматы облысының денсаулық
сақтау басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің шаруашылық жүргізу
құқығындағы "Талдықорған қалалық
емханасы" мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорынның директорының
орынбасары, медициналық
комиссиясының төрағасы;
Сымбат Қабкешқызы
Сванколова
- хатшы, Алматы облысы
әкімдігінің "Алматы облысының
денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
шаруашылық жүргізу құқығындағы
"Талдықорған қалалық емханасы"
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорынның медбикесі.

9 Қала әкімдігінің 2012 жылғы

19 наурыздағы "Қазақстан
Республикасының азаматтарын
2012 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында
кезекті мерзімді әскери қызметке
шақыру туралы" N 7-226 қаулысына
2-қосымша
Азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу
КЕСТЕСІ
р/с
N
Әскерге шақыруды
өткізу айы
Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштер әскер қатарына
жіберілетіндердің жалпы саны
1
сәуір
50 адам
2
мамыр
50 адам
3
маусым
50 адам
4
қазан
50 адам
5
қараша
50 адам
6
желтоқсан
50 адам

Қолданыстағы