Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Қаулы · № 81 · қабылданған 05.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-64958/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 81 ·05.04.2012
11.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 81 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Атауы (қаз.)
Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
81
Қабылданған күні
05.04.2012
Көрсетілген редакция
11.01.2013 AI64958_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NT000214
ЭКБ идентификаторы
64958
Редакция идентификаторы
AI64958_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:37

0 Азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына, "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27-бабының 3-тармағына, 31-бабына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір – маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына сәйкес, Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы (келісім бойынша) 2012 жылдың сәуір – маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2

2. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы "Федоров аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларға медициналық куәландыру жүргізу үшін аудандық медициналық комиссияларды медицина мамандарымен, дәрі-дәрмектермен, керек-жарақтармен, медициналық және шаруашылық мүлкімен толықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.

3 3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Федоров аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша):

1 1) өз құзыреті шегінде әскери қызметті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыруды;

2 2) шақыру учаскесінде және әскерге шақырушыларды әскери қызметі өтетін орнына жіберу және жөнелту кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Қ. Өтегеновке жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 2 сәуірден бастап туындаған қатынастарға таратылады.

КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қостанай
облысының ішкі істер
департаменті Федоров аудандық
ішкі істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________ Е. Файзуллин
"Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы
Федоров аудандық орталық
ауруханасы" коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорнының
бас дәрігері
______________ В. Финк
"Қостанай облысы Федоров
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
______________ Е. Тортаев

Қолданыстағы