Құжат мәтініне өту

О проведении весеннего и осеннего призыва на срочную воинскую службу в 2012 году

Қаулы · № 2489 · қабылданған 06.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-65114/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О проведении весеннего и осеннего призыва на срочную воинскую службу в 2012 году Күшін жойған Қаулы ·№ 2489 ·06.04.2012
30.07.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении весеннего и осеннего призыва на срочную воинскую службу в 2012 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 2489 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении весеннего и осеннего призыва на срочную воинскую службу в 2012 году
Атауы (қаз.)
2012 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2489
Қабылданған күні
06.04.2012
Көрсетілген редакция
30.07.2012 AI65114_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VN000152
ЭКБ идентификаторы
65114
Редакция идентификаторы
AI65114_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:36

0 2012 жылдың көктемінде және күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27, 28, 30, 31 баптарына, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2012 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2 2. «Күршім ауданының № 1 Медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры М.Б. Блейменовқа ұсынылсын:

1 1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерін бөлу;

2 2) әскерге шақырылушылардың уақытылы және сапалы түрде медициналық тексерілуін және емделуін бақылауға алу;

3 3) жатып емделетін орындарда, емдеу-сауықтыру мекемелерінде әскери қызметке шақырылатындардың денсаулығын және стационарлық тексерілуін өткізу үшін бос орындар ұстау.

3 3. Ауылдық округ әкімдері әскерге шақырылушы азаматтарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғандығы туралы хабарландырсын және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

4 4. «Күршім ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы А.Қ. Әбілмәжіновқа ұсынылсын:

1 1) әскери қызметтен шақырудан жалтарған азаматтарды іздеу және Күршім аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу;

2 2) аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезінде, шақыру учаскесінде және облыстық жинақтау пунктіне әскерге шақырылушыларды аттандыру кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Ж. Қалеловқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Күршім ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлім
бастығының МУА С.Т. Қизатаев
06 сәуір 2012 жыл
Күршім ауданының ішкі
істер бөлімінің бастығы А.Қ. Әбілмәжінов
06 сәуір 2012 жыл
«Күршім ауданының
№ 1 Медициналық бірлестігі»
коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынның
директоры М.Б. Блейменов
06 сәуір 2012 жыл

Қолданыстағы