Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года по Мойынкумскому району

Қаулы · № 131 · қабылданған 17.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-65192/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года по Мойынкумскому району Күшін жойған Қаулы ·№ 131 ·17.04.2012
19.11.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.11.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года по Мойынкумскому району

Күшін жойған Қаулы ·№ 131 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года по Мойынкумскому району
Атауы (қаз.)
2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында Мойынқұм ауданы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
131
Қабылданған күні
17.04.2012
Қолданысқа енгізілген күні
05.06.2012
Көрсетілген редакция
19.11.2015 65192_254562.kaz
Соңғы өзгеріс
19.11.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12GG000081
ЭКБ идентификаторы
65192
Редакция идентификаторы
65192_254562
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:26

0 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан - желтоқсанында Мойынқұм ауданы

бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке
кезекті шақыру туралы
«Әскери қызмет және әскери қызметшiлердiң мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 27 бабына, «Әскери қызметтiң белгiленген мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығына және "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 Қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әскерге шақыруды кейiнге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ он сегiз жастан жиырма жетi жасқа дейiнгi ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жетi жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгiленген мерзiмдерiн өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізілсін.

2 2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу үшін келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:

Естаев
Мұратхан Тұрарханұлы
-
Мойынқұм ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Даминов
Ғалмат Тұрдахметұлы
-
«Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
Кемалов
Елубай Уәйділдаұлы
-
«Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті Мойынқұм ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Байманасова
Жұлдыз Алтыбайқызы
-
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Мойынқұм аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны бас дәрігерінің орынбасары, дәрігерлік комиссия төрайымы (келісім бойынша).
Козова
Жанна Нығманқызы
-
«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Мойынқұм аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

3 3. «Жамбыл облысының Ішкі істер департаменті Мойынқұм ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) өздерінің құзыреті шегінде әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылдың 1 сәуірінен туындайтын қатынастарға таралады.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Естаевқа жүктелсін.

«КЕЛIСIЛДI»
«Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының
Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi»
мемлекеттiк мекемесiнiң
бастығы Ғ.Даминов
17.04.2012 жыл
«Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулық
сақтау басқармасы Мойынқұм аудандық
орталық ауруханасы» шаруашылық
жүргізу құқығындағы мемлекеттік
коммуналдық кәсiпорнының
бас дәрiгерi
Г.Кемелқұлова
17.04.2012 жыл
«Жамбыл облысының Iшкi iстер
Департаментi Мойынқұм ауданының iшкi
iстер бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң
бастығы Ж.Орынбеков
17.04.2012 жыл

Қолданыстағы