Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормативов субсидий на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ на 2012 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении перечня приоритетных сельскохозяйственных культур и нормативов субсидий на удешевление стоимости горюче-смазочных материалов и других товарно-материальных ценностей, необходимых для проведения весенне-полевых и уборочных работ на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 129
- Қабылданған күні
- 02.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2015 AI65201_5.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12S0001801
- ЭКБ идентификаторы
- 65201
- Редакция идентификаторы
- AI65201_5
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:19
0 2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27-бабының 1-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағы 1) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Белгіленсін:
1-ші қосымшаға сәйкес 2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі;
2-ші қосымшаға сәйкес көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Облыс әкімдігінің 2012 жылғы
2 мамырдағы № 129 қаулысына
1-қосымша
2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі
№ р/н
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
1
Дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдар:
жаздық бидай
күздік бидай
күздік қарабидай
қарақұмық
тары
арпа
сұлы
2
Майлы дақылдар
3
Картоп
4
Ашық топырақтағы көкөніс және бақша өнімдері
5
Жабық топырақтағы көкөністер
6
Жем-шөптік дақылдар:
бірінші, екінші және үшінші жылғы көпжылдық бұршақ шөптер
бірінші жылғы егілген басқа да көпжылдық шөптер
жүгері және сүрлемдік күнбағыс
біржылдық шөптер
5 Облыс әкімдігінің 2012 жылғы
2 мамырдағы № 129 қаулысына
2-қосымша
2012 жылға арналған көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия нормативтері
№ р/н
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
1 гектарға арналған субсидиялар нормасы,теңге
1
Дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдар (субсидиялардың базалық нормасы)
550
2
Аймақтық ғылыми негізделген агротехнологияларды сақтай отырып өсірілген дәнді дақылдар және дәнді бұршақты дақылдар
750
3
Майлы дақылдар
3 400
4
Картоп
12 000
5
Ашық топырақтағы көкөністер мен бақша өнімдері
12 000
6
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген көкөністер мен бақша өнімдері
24 000
7
Қорғалған топырақтағы көкөністер (бір дақыл айналымына)
1 300 000
Жемшөптік дақылдар:
8
Бірінші, екінші және үшінші жылғы көпжылдық бұршақ шөптер
800
9
Бірінші жылы егілген басқа да көпжылдық шөптер
800
10
Жүгері мен сүрлемдік күнбағыс
800
11
Біржылдық шөптер
800
12
Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолданып өсірілген картоп
24 000