Құжат мәтініне өту

Об организации общественных работ в Федоровском районе в 2012 году

Қаулы · № 91 · қабылданған 16.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-65281/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об организации общественных работ в Федоровском районе в 2012 году Күшін жойған Қаулы ·№ 91 ·16.04.2012
11.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации общественных работ в Федоровском районе в 2012 году

Күшін жойған Қаулы ·№ 91 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации общественных работ в Федоровском районе в 2012 году
Атауы (қаз.)
2012 жылы Федоров ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
91
Қабылданған күні
16.04.2012
Көрсетілген редакция
11.01.2013 AI65281_2.kaz
Соңғы өзгеріс
11.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12NT000216
ЭКБ идентификаторы
65281
Редакция идентификаторы
AI65281_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:28

0 2012 жылы Федоров ауданында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7–бабы 5) тармақшасына, 20–бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса берілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері бекітілсін.

2 2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу нақты орындалған жұмыстар үшін ең төменгі айлық жалақының 1,5 мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.

3

3. Еңбекақы төлеуге, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген мөлшерде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдарды төлеу, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға тиесілі жалақыны есептеу және төлеу бойынша екінші деңгейдегі банктердің қызметтеріне комиссиялық сыйақы төлеуге арналған шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелетіні белгіленсін.

4 4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі және тізбеде белгіленген ұйымдар арасында, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жасалған қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шартта көрсетілген жағдайларда жүргізілсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Қ.Өтегеновке жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы әкімдігінің
Денсаулық сақтау басқармасы
"Федоров аудандық орталық
ауруханасы" коммуналдық
мемлекеттік кәсіпорынның
бас дәрігері
___________________ В. Финк

7 Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері

Әкімдіктің
2012 жылғы 16 сәуірдегі № 91
қаулысымен бекітілген
Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың
түрлері, көлемі және нақты жағдайлары, қоғамдық
жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне
төленетін ақының мөлшері

Ұйымның атауы
Жұмыс түрлері
Жұмыс
көлем
(сағат)
Еңбекақы
төлеу
Жұмыстардың нақты
жағдайлары
1.
"Ақжан және
біз"
жауапкершілігі
шектеулі
серіктестігі
Қызметкердің
алдын ала
кәсіптік
даярлаудан
өтуін талап
етпейтін
аумақты жинауда
және
абаттандыруда
көмек көрсету,
тұрғын үйлерді,
әлеуметтік-мәдени
мақсатындағы
объектілерді
салу, қалпына
келтіру,
күрделі жөндеу
жұмыстарына,
тарихи-
сәулеттік
ескерткіштерді,
кешендерді және
қорықтағы
аймақтарды
қалпына
келтіруге
қатысу
39072
Айлық ең
төменгі
жалақының
1,5
мөлшері
Қоғамдық
жұмыстарға бір
қатысушының жұмыс
уақытының
ұзақтығы –
Қазақстан
Республикасының
еңбек
заңнамасымен
ескерілген
шектеулерді
есепке алып,
аптасына 40
сағаттан артық
емес, екі демалыс
күнімен, бір
сағаттан кем емес
түскі үзіліспен
2.
Қостанай облысы
әкімдігінің
Денсаулық
сақтау
басқармасы
"Федоров
ауданының
орталық
ауруханасы"
коммуналдық
мемлекеттік
кәсіпорыны
Қызметкердің
алдын ала
кәсіптік
даярлаудан
өтуін талап
етпейтін
аумақты жинауда
және
абаттандыруда
көмек көрсету,
тұрғын үйлерді,
әлеуметтік-мәдени
мақсатындағы
объектілерді
салу, қалпына
келтіру,
күрделі жөндеу
жұмыстарына
қатысу
2288
Айлық ең
төменгі
жалақының
1,5
мөлшері
Қоғамдық
жұмыстарға бір
қатысушының жұмыс
уақытының
ұзақтығы –
Қазақстан
Республикасының
еңбек
заңнамасымен
ескерілген
шектеулерді
есепке алып,
аптасына 40
сағаттан артық
емес, екі демалыс
күнімен, бір
сағаттан кем емес
түскі үзіліспен

Қолданыстағы