Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Қаулы · № 109 · қабылданған 06.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-65299/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 109 ·06.04.2012
27.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 109 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтардың кезекті шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
109
Қабылданған күні
06.04.2012
Көрсетілген редакция
27.12.2012 AI65299_4.kaz
Соңғы өзгеріс
27.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VP000128
ЭКБ идентификаторы
65299
Редакция идентификаторы
AI65299_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:36

0 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтардың кезекті шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27, 28, 31 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес, Тарбағатай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне,Қазақстан Республикасы Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.

2 2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі № 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4 4. Аумақтық бірлік әкімдері әскерге шақырылушыларды ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабарландырсын және дер кезінде келуін ұйымдастырсын.

5 5. «Тарбағатай ауданы бойынша № 1 медицина бірлестігі» ҚМҚК директоры (Д. Итбаевқа) ұсынылсын:

1 1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерін бөлу;

2 2) қосымша тексерілу үшін жатып емделетін, емдеу-сауықтыру мекемелерінде бос орындар ұстау;

3 3) мерзімді әскери қызметке шақыру өткеннен кейін, емдеуді қажет ететін әскерге шақырылушылардың тізімін және қай емдеу мекемелеріне тіркелгені туралы мәліметтерді беру.

6 6. Тарбағатай ауданының ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы (Д. Жанарбековке) ұсынылсын:

1 1) шақыру медициналық комиссиясының жұмысы кезінде тәртіпті сақтау үшін полиция нарядын бөлу;

2 2) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттері мен қылмыстары үшін тергеуде жүрген, тіркелуге тиісті азаматтар туралы қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлау.

7 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Әзімхановқа жүктелсін.

8 8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Тарбағатай ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің бастығы А. Қарабиев
05 сәуір 2012 жыл
Тарбағатай ауданының ішкі
істер бөлімі бастығының
міндетін атқарушы Д. Жанарбеков
05 сәуір 2012 жыл
«Тарбағатай ауданы бойынша
№ 1 медицина бірлестігі»
ҚМҚК директоры Д. Итбаев
05 сәуір 2012 жыл

14 Шақыру комиссиясының құрамы

Тарбагатай ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 06 сәуірдегі
№ 109 қаулысына 1-қосымша
Шақыру комиссиясының құрамы
1.
Әзімханов Сләмбек Шәріпұлы
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
2.
Абдилбаев Нұртас Тұрысбекұлы
Тарбағатай ауданының қорғаныс істерi жөнiндегi бөлiмінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
3.
Байжуманов Ескал Майданұлы
аудандық iшкi iстер бөлiмi бастығының орынбасары (келісім бойынша
4.
Жақсылыков Гайдар Камзаұлы
№ 1 медициналық бірлестігі директорының орынбасары –  медициналық комиссиясының  төрағасы (келісім бойынша)
5.
Нұрғалиева Күлімхан Жексенбайқызы
комиссия хатшысы (келісім  бойынша)

15 1985-2994 жылы туған азаматтарды 2012 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы КЕСТЕСІ

Тарбағатай ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 06 сәуірдегі
№ 109 қаулысына 2-қосымша
1985-2994 жылы туған азаматтарды 2012 жылғы сәуір-маусым
және қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери
қызметке шақыру туралы
КЕСТЕСІ
Рет­тік
са­ны
Ауыл­дық
округ­тер
кү­ні, айы
16.04
17.04
18.04
19.04
20.04
23.04
24.04
25.04
26.04
27.04
30.04
01.10
02.10
1
Құм­көл ауыл­дық окру­гі
2
Ой­ші­лік ауыл­дық окру­гі
3
Ақ­су­ат ауыл­дық окру­гі
4
Кө­к­жы­ра ауыл­дық окру­гі
5
Жән­ті­кей ауыл­дық окру­гі
6
Қы­зыл-Ке­сік ауыл­дық окру­гі
7
Ек­пін ауыл­дық окру­гі
8
Кін­дік­ті ауыл­дық окру­гі
9
Сат­па­ев ауыл­дық окру­гі
10
Ақ­жар ауыл­дық окру­гі
11
Құй­ған ауыл­дық окру­гі
12
Же­ті­а­рал ауыл­дық окру­гі
13
Ма­ңы­рақ ауыл­дық окру­гі
14
Тұ­ғыл ауыл­дық окру­гі
15
Қа­бан­бай ауыл­дық окру­гі
16
Жа­ңа­а­уыл ауыл­дық окру­гі
17
Қа­ра­су ауыл­дық окру­гі
кестенің жалғасы:
Рет­тік
са­ны
Ауыл­дық
округ­тер
кү­ні, айы
03.10
04.10
05.10
08.10
09.10
10.10
11.11
12.10
15.10
16.10
17.10
18.10
19.10
1
Құм­көл ауыл­дық окру­гі
2
Ой­ші­лік ауыл­дық окру­гі
3
Ақ­су­ат ауыл­дық окру­гі
4
Кө­к­жы­ра ауыл­дық окру­гі
5
Жән­ті­кей ауыл­дық окру­гі
6
Қы­зыл-Ке­сік ауыл­дық окру­гі
7
Ек­пін ауыл­дық окру­гі
8
Кін­дік­ті ауыл­дық окру­гі
9
Сат­па­ев ауыл­дық окру­гі
10
Ақ­жар ауыл­дық окру­гі
11
Құй­ған ауыл­дық окру­гі
12
Же­ті­а­рал ауыл­дық окру­гі
13
Ма­ңы­рақ ауыл­дық окру­гі
14
Тұ­ғыл ауыл­дық окру­гі
15
Қа­бан­бай ауыл­дық окру­гі
16
Жа­ңа­а­уыл ауыл­дық окру­гі
17
Қа­ра­су ауыл­дық окру­гі

Қолданыстағы