Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 77
- Қабылданған күні
- 06.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2012 65312_180809.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12ZB000135
- ЭКБ идентификаторы
- 65312
- Редакция идентификаторы
- 65312_180809
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:36
0 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" № 274 Жарлығын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" № 326 қаулысын басшылыққа алып, Ақжайық ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2 2. Ауылдық округ әкімдеріне азаматтарды әскери қызметке шақырған кезде азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.
3
3. Батыс Қазақстан облысының әкiмдiгi денсаулық сақтау басқармасының "Ақжайық аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу кезінде дәрі-дәрмекпен, керек-жарақтармен, медициналық және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз ету ұсынылсын.
4 4. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Ақжайық ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыру ұсынылсын.
5 5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М. Д. Джуматоваға жүктелсін.
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы, подполковник
_____________Б. Бердигалиев
04.04.2012 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті
Ақжайық ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы,
подполковник
_____________Е. Бисенов
05.04.2012 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Ақжайық
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Д. Хайрушев
05.04.2012 ж.