Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Қаулы · № 67 · қабылданған 06.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-65319/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 67 ·06.04.2012
08.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 67 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
67
Қабылданған күні
06.04.2012
Көрсетілген редакция
08.01.2013 65319_189382.kaz
Соңғы өзгеріс
08.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12ZK000161
ЭКБ идентификаторы
65319
Редакция идентификаторы
65319_189382
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:36

0 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді

әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" № 274 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" № 326 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2

2. "Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Тасқала аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу кезінде дәрi-дәрмектермен, медициналық және шаруашылық мүлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.

3 3. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Тасқала ауданының Ішкі Істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жөнелтуі кезінде қоғамдық тәртіпті сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Ауылдық округ әкімдері қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Жұбанышқалиеваға жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Тасқала ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________А. Габдуллин
06.04.2012 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының шаруашылық
жүргізу құқығындағы "Тасқала
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорны директоры
_____________Г. Кенжешева
06.04.2012 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті
Тасқала ауданының Ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________С. Изимов
06.04.2012 ж.

Қолданыстағы