Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Қаулы · № 172 · қабылданған 24.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-65429/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 172 ·24.04.2012
30.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 172 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении очередного призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтардың кезекті шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
172
Қабылданған күні
24.04.2012
Көрсетілген редакция
30.01.2013 AI65429_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VG000117
ЭКБ идентификаторы
65429
Редакция идентификаторы
AI65429_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:23

0 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтардың кезекті шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-ІV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27, 28, 31 баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылдың 1 наурыздағы № 274 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына сәйкес, Бесқарағай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай – ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.

2 2. Аудандық шақыру комиссиясының құрамы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

3 3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

4 4. Аумақтық бiрлiк әкiмдерi әскерге шақырылушыларды ауданның қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiне шақырылғандығы туралы хабарландырсын және дер кезiнде келуiн ұйымдастырсын.

5 5. «Бесқарағай аудандық медицина бірлестігі» МКҚК директоры (Ш. Омаровқа) ұсынылсын:

1 1) медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлерін бөлу;

2 2) қосымша тексерілу үшін жатып емделетін, емдеу-сауықтыру мекемелерінде бос орындар ұстау;

3 3) мерзімді әскери қызметке шақыру өткеннен кейін, емдеуді қажет ететін әскерге шақырылушылардың тізімін және қай емдеу мекемелеріне тіркелгені туралы мәліметтерді беру.

6 6. Бесқарағай ауданының ішкі істер бөлімінің бастығына (Р. Ахметовке) ұсынылсын:

1 1) шақыру медициналық комиссиясының жұмысы кезінде тәртіпті сақтау үшін полиция нарядын бөлу;

2 2) бұрын сотталған немесе жазасын өтеп жүрген, қоғамға жат әрекеттерi мен қылмыстары үшiн тергеуде жүрген, тiркелуге тиiстi азаматтар туралы қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмге хабарлау.

7 7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Рахметуллинге жүктелсін.

8 8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Бесқарағай ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы
С. Айтказин
Бесқарағай ауданының ішкі істер
бөлімінің бастығы
Р. Ахметов
«Бесқарағай аудандық медицина
бірлестігі » МКҚК директоры
Ш. Омаров

14 Аудандық шақыру комиссияның құрамы

Бесқарағай ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 24 сәуір № 172
қаулысына 1 қосымша
Аудандық шақыру комиссияның құрамы
Рахметуллин Ерболат Еренулы - Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Айтказин Сабыржан Секерханович - Бесқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
Комиссия мүшелері:
Казакпаев Дулат Толегенович - Бесқарағай ауданының ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Шортомбаев Адлет Бекбулатович - «Бесқарағай аудандық медицина бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Шакирова Перизат Кумархановна - «Бесқарағай аудандық медицина бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны медбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Аппарат басшысы
Т. Глазинский

15 Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі

Бесқарағай әкімдігінің
2012 жылғы 24 сәуір № 172
қаулысына 2 қосымша
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі

р/с
Ауылдық
округтердің атауы
барлығы
12.04.
2012
02.10.
2012
16.04.
2012
03.10.
2012
17.04.
2012
04.10.
2012
19.04.
2012
05.10.
2012
23.04.
2012
08.10.
2012
24.04.
2012
09.10.
2012
1
Бесқарағай
40
40
2
Беген
20
20
3
Баскөл
25
25
4
Глуховка
25
25
5
Долон
15
15
6
Канонерка
25
25
7
М-Владимировка
26
26
8
Семияр
26
26
9
Қарабас
35
20
15
10
Ерназар
35
35
Барлығы:
272
50
41
45
46
50
40
Бесқарағай ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы
С. Айтказин

Қолданыстағы