Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Қаулы · № 59 · қабылданған 30.03.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-65431/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 59 ·30.03.2012
01.02.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.02.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 59 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
59
Қабылданған күні
30.03.2012
Көрсетілген редакция
01.02.2013 65431_183325.kaz
Соңғы өзгеріс
01.02.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12ZF000140
ЭКБ идентификаторы
65431
Редакция идентификаторы
65431_183325
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:40

0 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" және 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскери шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай - ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.

2 2. Ауылдық округ әкімдеріне азаматтарды әскери қызметке шақырған кезде азаматтарды жеткізуді қамтамасыз етсін.

3

3. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Жәнібек аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу кезінде дәрi-дәрмекпен, керек - жарақтармен, медициналық және шаруашылық мүлкiмен қамтамасыз ету ұсынылсын.

4

4. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Жәнібек ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттілікті орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлiмдерге жөнелтiлуi кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

5 5. "Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданның Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақырудың нәтижесі туралы қорытынды ақпаратты 2012 жылдың 31 шілдесінде және 2012 жылдың 31 желтоқсанында тапсыру ұсынылсын.

6 6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 7. Осы қаулының орындау барысы аудан әкімінің орынбасары Р. С. Қарашинге жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті
Жәнібек ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы,
полиция полковнигі
_____________Ерғалиев Төлеуғали Лұқпанұлы
30.03.2012 ж.
"Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданның Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы, майор
_____________Мағзомов Арман Төлепұлы
30.03.2012 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының Жәнібек
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Мұсағалиев Тимур Қапезұлы
30.03.2012 ж.

Қолданыстағы