Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по городу Степногорску на 2012 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении сроков предоставления заявок на включение в список получателей субсидий и оптимальных сроков сева по каждому виду субсидируемых приоритетных сельскохозяйственных культур по городу Степногорску на 2012 год
- Атауы (қаз.)
- Степногорск қаласы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-4/177
- Қабылданған күні
- 02.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 05.11.2014 65513_189010.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BB000164
- ЭКБ идентификаторы
- 65513
- Редакция идентификаторы
- 65513_189010
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:19
0 Степногорск қаласы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдерін анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекiтiлген, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасына сәйкес, «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 341 қорытындысы негiзiнде Степногорск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қосымшаға сәйкес Степногорск қаласы бойынша 2012 жылға арналған субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрі бойынша егіс жүргізудің оңтайлы мерзімдері анықталсын.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкiмiнiң орынбасары О.В.Робертке жүктелсiн.
3 3. Қала әкiмдiгiнiң осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет Департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
4 Степногорск қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 2 мамырдағы
№ А-4/177 қаулысына
қосымша
Степногорск қаласы бойынша 2012 жылға арналған
субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдердің
ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын ауыл шаруашылығы
басым дақылдарының әрбір түрі бойынша
егіс жүргізудің оңтайлы мерзiмдерi
№
р/р
Субсидияланатын басым
ауыл шаруашылығы
дақылдарының түрлерi
Ауыл шаруашылығы
басым
дақылдарының
оңтайлы себу
мерзiмдерi
Субсидия
алушылардың
тізіміне
қосуға
өтiнiмдер
тапсыру
мерзiмi
1
Орташа кеш жаздық
бидай
15 мамырдан
27 мамырға дейiн
28 мамырға
дейiн
2
Орташа піскен жаздық
бидай
17 мамырдан
29 мамырға дейін
30 мамырға
дейін
3
Орташа ертерек жаздық бидай
20 мамырдан
31 мамырға дейiн
1 маусымға
дейiн
4
Жаздық арпа
27 мамырдан
3 маусымға дейiн
4 маусымға
дейiн
5
Сұлы
27 мамырдан
3 маусымға дейiн
4 маусымға
дейiн
6
Картоп
12 мамырдан
25 мамырға дейiн
26 мамырға
дейiн
7
Ашық топырақтағы
көкөнiстер
1 маусымнан
15 маусымға дейiн
16 маусымға
дейiн
8
Біржылдық шөптер
20 мамырдан
25 мамырға дейін
26 мамырға
дейін