Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по Зерендинскому району на 2012 год сельскохозяйственных культур подлежащих обязательному страхованию в растениеводстве
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ по Зерендинскому району на 2012 год сельскохозяйственных культур подлежащих обязательному страхованию в растениеводстве
- Атауы (қаз.)
- Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарын 2012 жылы Зеренді ауданы бойынша егіс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 282
- Қабылданған күні
- 02.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 14.06.2013 65516_192615.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.06.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BN000183
- ЭКБ идентификаторы
- 65516
- Редакция идентификаторы
- 65516_192615
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:19
0 Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарын 2012 жылы Зеренді ауданы бойынша егіс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзімдерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 5 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы «Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» Заңының 5 бабының 3 тармағының 3 тармақшасына және «А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң 2011 жылғы 10 сәуiрдегi № 303 ұсынымына сәйкес, Зеренді ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарын 2012 жылы Зеренді ауданы бойынша егiс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзiмдерi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Зеренді ауданы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 2 мамырдағы
№ 282 қаулысына
қосымша
Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын ауыл шаруашылығы дақылдарын 2012 жылы Зеренді ауданы бойынша егiс жұмыстарын бастаудың және аяқтаудың оңтайлы мерзiмдерi
р/с
№
Мiндеттi сақтандыруға
жататын ауыл шаруашылығы
дақылдарының атауы
Егiс жұмыстарын бастаудың және
аяқтаудың оңтайлы мерзiмдерi
1
Жаздық бидай
11 мамырдан 27 мамырға дейін
2
Арпа
27 мамырдан 5 маусымға дейін
3
Сұлы
27 мамырдан 5 маусымға дейін
4
Қарақұмық
25 мамырдан 4 маусымға дейін
5
Дәнбұршақтылар
15 мамырдан 27 мамырға дейін
6
Майлылар
15 мамырдан 28 мамырға дейін
7
Картоп
11 мамырдан 29 мамырға дейін
8
Көкөністер
11 мамырдан 16 маусымға дейін
9
Азықтықтар (бір жылдық
шөптер, ағымдағы жылдың
көпжылдық шөптері)
11 мамырдан 17 мамырға дейін
10
Азықтықтар (шабындық және
жайылымдық жерлерді
шалғындандыру үшін
себілген, ағымдағы жылдың
көпжылдық шөптері)
11 мамырдан 17 мамырға дейін
11
Сүрлемге жүгері және
күнбағыс
17 мамырдан 25 мамырға дейін
12
Жабық топырақ көкөністері
11 маусымнан 15 маусымға дейін