Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ и сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий в 2012 году
Күшін жойған
Қаулы
·№ 117
·
21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении оптимальных сроков начала и завершения посевных работ и сроков предоставления заявки на включение в список получателей субсидий в 2012 году
- Атауы (қаз.)
- 2012 жылы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдерін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 117
- Қабылданған күні
- 24.04.2012
- Көрсетілген редакция
- 02.11.2012 AI65558_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.11.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12NM000150
- ЭКБ идентификаторы
- 65558
- Редакция идентификаторы
- AI65558_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:23
0 2012 жылы егіс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін және субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдерін белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 10-тармағына сәйкес, ғылыми ұйымның қорытындысы негiзiнде жылдың қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын ескере отырып Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша 2012 жылы Қарасу ауданының аумағында егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының мынадай оңтайлы мерзiмдерi белгiленсін:
1 1) дәнді дақылдар 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін;
2 2) майлы дақылдар 18 мамырдан бастап 30 мамырға дейін;
3 3) жемшөптік дақылдар (өткен жылдардағы көпжылдық шөптерден басқа) 30 сәуірден бастап 15 шілдеге дейін;
4 4) сүрлемдік жүгері 15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;
5 5) картоп 10 мамырдан бастап 31 мамырға дейін;
6 6) көкөніс дақылдар 25 сәуірден бастап 10 маусымға дейін.
2 2. Субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімдерді ұсыну мерзімдері 2012 жылғы 20 мамырдан бастап 5 маусымға дейін деп белгіленсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік
және ауыл шаруашылығы бөлімі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_______________ Е. Балжақаев