Құжат мәтініне өту

О проведении призыва граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Қаулы · № 363 · қабылданған 03.05.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-65626/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О проведении призыва граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 363 ·03.05.2012
04.04.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении призыва граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 363 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении призыва граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Атауы (қаз.)
Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
363
Қабылданған күні
03.05.2012
Көрсетілген редакция
04.04.2013 AI65626_1.kaz
Соңғы өзгеріс
04.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VH000150
ЭКБ идентификаторы
65626
Редакция идентификаторы
AI65626_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:19

0 Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 12, 16, 27, 28, 29, 30, 31-баптары, «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығы, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 қаулысы негізінде, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.

2 2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы құрылсын.

3

3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шағарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.

4 4. Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның директоры У.М. Эфендиевке:

1 1) әскерге шақырылушыларды толық медициналық куәландыруды өткізу үшін қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлер бөлу;

2 2) стационарларда, емдеу-сауықтыру мекемелерінде стационарлық тексеру жағдайында әскерге шақырылушылардың денсаулығын тексеру мақсатында қажетті орындар қалдыру;

3 3) әскерге шақырылушыларды дер кезінде және сапалы тексеру, сонымен қатар емдеуді бақылауға алу ұсынылсын.

5 5. Кенттік және ауылдық округтердің әкімдеріне:

1 1) олардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғандықтары туралы әскерге шақырылушыларды хабардар ету және қорғаныс істері жөніндегі бөліммен белгілеген күндері шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз етілсін;

2 2) бекітілген кесте бойынша әскерге шақырылушылар жеткізілсін және жіберілсін.

6 6. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Р.Т. Рамазановқа:

1 1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге бұрын сотталған, жазасын өтеп келген, тергеудегі әскерге шақырылушылар туралы ақпарат беру;

2 2) шақыру және жіберу кезінде шақыру пунктіне жасақ бөлу, тәртіп сақтауды қамтамасыз ету;

3 3) әскери міндеттіліктен жалтарған тұлғалардың іздестіруін жүргізу ұсынылсын.

7 7. «Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 308 қаулысының күші жойылсын.

8 8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.

9 9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Бородулиха ауданының
қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы
С. Сатыбалдиев
2012 ж. 2 мамыр
Бородулиха ауданының ішкі
істер бөлімінің бастығы
Р. Рамазанов
2012 ж. 2 мамыр
Бородулиха ауданының медициналық
бірлестігі коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорынының директоры
У. Эфендиев
2012 ж. 2 мамыр

18 Шақыру комиссиясының құрамы

Бородулиха ауданы әкімдігінің
2012 ж. 3 мамырдағы
№ 363 қаулысына
1 қосымша
Шақыру комиссиясының құрамы
Шақыру комиссиясының төрайымы:
Рыскүл Абузарқызы Атаева – аудан әкімінің орынбасары;
Шақыру комиссиясы төрайымының орынбасары:
Сатбек Жақыпұлы Сатыбалдиев – Бородулиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша);
Комиссия мүшелері:
Жандарбек Елубайұлы Қошанаев – Бородулиха ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Алтынай Рашидқызы Орынханова – Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының емдік жұмысы бойынша бас дәрігердің орынбасары, шақыру комиссиясының аға дәрігері (келісім бойынша);
Шақыру комиссияның хатшысы:
Юлия Абыталыбқызы Талыбова - Бородулиха ауданының медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының мейірбикесі (келісім бойынша).

19 Шақыруды өткізу КЕСТЕСІ

Бородулиха ауданы әкімдігінің
2012 ж. 3 мамырдағы
№ 363 қаулысына
2 қосымша
Шақыруды өткізу КЕСТЕСІ
Кент­тік және ауыл­дық округ­тер­дің ата­у­ла­ры
Бар­лы­ғы
02.04.
2012ж.
03.04.
2012ж.
04.04
2012ж.
05.04
2012ж.
06.04
2012ж.
09.04.
2012ж.
Бар­лы­ғы
01.10.
2012ж.
02.10.
2012ж.
03.10
2012ж.
04.10
2012ж.
05.10
2012ж.
08.10.
2012ж.
Бо­ро­ду­ли­ха
38
38
25
25
Ба­қы
6
6
10
10
Дмит­ри­ев­ка
1
1
5
5
Но­во­дво­ров­ка
6
6
8
8
Пе­ре­ме­нов­ка
19
19
18
18
Степ­ной
2
2
7
7
Под­бор­ный
3
3
8
8
Бе­ла­ғаш
16
16
15
15
Жез­кент
31
31
20
20
Но­во­по­кров­ка
8
8
18
18
Пет­ро­пав­лов­ка
2
2
16
16
Зу­ба­ир
2
2
5
5
Ан­дре­ев­ка
4
4
5
5
Уба–Фор­пост
-
2
2
Но­во­шуль­ба
17
17
15
15
Крас­ный Яр
1
1
3
3
Жер­нов­ка
1
1
6
6
Ле­нин
7
7
8
8
Та­врия
8
8
6
6
БАР­ЛЫ­ҒЫ
172
38
34
50
33
17
200
35
38
38
33
27
29
Аппарат басшысы
С. Лазурин

Қолданыстағы