Құжат мәтініне өту

О проведении очередного призыва граждан, проживающих в Уланском районе, на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Қаулы · № 135 · қабылданған 19.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-65628/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О проведении очередного призыва граждан, проживающих в Уланском районе, на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 135 ·19.04.2012
01.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О проведении очередного призыва граждан, проживающих в Уланском районе, на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 135 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О проведении очередного призыва граждан, проживающих в Уланском районе, на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Атауы (қаз.)
Ұлан ауданында тұратын азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
135
Қабылданған күні
19.04.2012
Көрсетілген редакция
01.01.2013 AI65628_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VQ000167
ЭКБ идентификаторы
65628
Редакция идентификаторы
AI65628_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:25

0 Ұлан ауданында тұратын азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының, 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561 «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27, 28, 29, 31-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 «Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын іске асыру туралы» қаулысының негізінде, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының қатарына мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2 2. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес аудандық шақыру комиссиясының дербес құрамы құрылсын және бекітілсін.

3 3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ұлан ауданында тұратын азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін.

4 4. Ауылдық округтер мен кенттер әкімдері, азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын уақтылы және ұйымшылдықпен өткізу үшін:

1 1) әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтардың шақыру учаскесіне толық және уақтылы келуін қамтамасыз етсін;

2 2) әскерге шақырушыларды тасымалдау кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттары өкілдерінің алып баруымен жүргізілсін;

3 3) шақыру комиссияға қажетті құжаттарды дайындау және ұсыну қамтамасыз етілсін.

5 5. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Ұлан ауданының медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорына (Ж.С. Бухатов) төмендегі ұсынылсын:

1 1) медициналық комиссияның жұмысын, кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылушы ер азаматтардың сапалы куәландыруларының сапасын бақылауға алу;

2 2) Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің аудандық медициналық комиссиясын маман-дәрігерлермен, орта дәрігерлік қызметшілермен жинақтау жөнінде шараларын қабылдау.

6 6. Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің «Ұлан ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Т.М.   Закирьянов) ұсынылсын:

1 1) әскери қызметке шақырудан бас тартқандарды іздеу, облыстық жинақтау пунктіне жіберу кезінде шақыру пунктінде тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;

2 2) «Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі аумағында полиция қызметкерінің кезекшілігін ұйымдастыру.

7 7. «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (А.Е. Турганбаев) шақыру кезеңінде әскери қызметке шақырылушы жастармен тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру және шақырылушылардың салтанатты аттануын өткізуге белсене қатысу тапсырылсын.

8 8. Ұлан ауданы әкімдігінің келесі қаулының күші жойылды деп танылсын:

1

1) 2011 жылғы 30 наурыздағы № 405 «Ұлан ауданында тұратын азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-17-147 болып, 2011 жылдың 28 сәуірінде тіркелген; «Ұлан таңы» газетінде № 33 (7367) санында 2010 жылдың 21 мамырда жарияланған).

9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.   Турсунбаевқа жүктелсін.

10 10. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілген:
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығының міндетін
уақытша атқарушы Н. Ибраимов
2012 жылғы 19 сәуір
«Ұлан ауданының
медициналық бірлестігі»
КМҚК директоры Ж. Бухатов
2012 жылғы 19 сәуір
Ұлан ауданының ішкі істер
бөлімінің бастығы Т. Закирьянов
2012 жылғы 19 сәуір

19 2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру кезіндегі аудандық комиссия ҚҰРАМЫ

1 қосымша
Ұлан ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 19 сәуірдегі
№ 135 қаулысымен бекітілген
2012 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында кезекті
мерзімді әскери қызметке шақыру кезіндегі аудандық комиссия
ҚҰРАМЫ
Динмухамед Ернисович Турсунбаев
аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Нурлан Уразович Ибраимов
қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы, комиссия төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Айгуль Кабдыгалиевна Абышева
медициналық комиссия хатшысы, (келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
Туменбаев Айназар Калибекович
ішкі істер бөлім бастығының орынбасары, (келісім бойынша)
Гаухария Борисовна Лутфуллина
Ұлан аудандық медициналық бірлестігі директорының орынбасары, (келісім бойынша)
Ұлан ауданы әкімі
аппаратының басшысы                        Т. Оспанов

20 Ұлан ауданында тұратын азаматтарды 2012 жылы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскери қызметке шақыруды жүргізу КЕСТЕСІ

2 қосымша
Ұлан ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 19 сәуірдегі
№ 135 қаулысымен бекітілген
Ұлан ауданында тұратын азаматтарды 2012 жылы сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында әскери қызметке шақыруды жүргізу
КЕСТЕСІ
№№
Ауыл­дық,кент­тік округ­тер
са­ны
04.04.2012
05.04.2012
06.04.2012
09.04.2012
10.04.2012
11.04.2012
12.04.2012
13.04.2012
1.
Аб­ла­кет
50
50
2.
Азов
10
10
3.
Ай­ыр­тау
20
20
4.
Ал­ма­сай
5
5
5.
Асу-Бұ­лақ
20
20
6.
Баг­ра­ти­он
30
30
7.
Бе­ло­гор
7
7
8.
Бо­зан­бай
20
20
9.
Га­га­рин
13
13
10.
Егін­су
25
25
11.
Ка­мен­ка
20
20
12.
Мо­ло­деж­ный
50
50
13.
Ог­нев­ка
13
14.
Са­ра­тов­ка
17
17
15.
Та­врия
30
30
16.
Тар­ғын
10
10
17.
То­ле­ген-Тох­та­ров
10
10
18.
Өс­ке­мен
20
20
Бар­лы­ғы:
370
50
50
50
50
20
50
50
50
№№
Ауыл­дық,кент­тік округ­тер
са­ны
03.10.2012
04.10.2012
05.10.2012
06.10.2012
08.10.2012
09.10.2012
10.10.2012
11.10.2012
1.
Аб­ла­кет
50
50
2.
Азов
10
10
3.
Ай­ыр­тау
20
20
4.
Ал­ма­сай
5
5
5.
Асу-Бұ­лақ
20
20
6.
Баг­ра­ти­он
30
30
7.
Бе­ло­гор
7
7
8.
Бо­зан­бай
20
20
9.
Га­га­рин
13
13
10.
Егін­су
25
25
11.
Ка­мен­ка
20
20
12.
Мо­ло­деж­ный
50
50
13.
Ог­нев­ка
13
13
14.
Са­ра­тов­ка
17
17
15.
Та­врия
30
30
16.
Тар­ғын
10
10
17.
То­ле­ген-Тох­та­ров
10
10
18.
Өс­ке­мен
20
20
Бар­лы­ғы:
370
50
50
50
50
20
50
50
50
Ұлан ауданы әкімі
аппаратының басшысы                        Т. Оспанов

Қолданыстағы