Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Қаулы · № 91 · қабылданған 13.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2012-ekb-65631/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года Күшін жойған Қаулы ·№ 91 ·13.04.2012
27.05.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 91 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2012 года
Атауы (қаз.)
2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
91
Қабылданған күні
13.04.2012
Көрсетілген редакция
27.05.2013 65631_187845.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12ZJ000117
ЭКБ идентификаторы
65631
Редакция идентификаторы
65631_187845
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:29

0 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" және 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 326 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 274 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес Сырым ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. "Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.

2

2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Сырым аудандық орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу кезінде дәрі-дәрмекпен, керек-жарақтармен, медициналық және шаруашылық мүлкiмен қамтамасыз ету ұсынылсын.

3

3. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Сырым ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткiзудi, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлiмдерге жөнелтiлуi кезiнде қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Турегалиевке жүктелсін.

КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Сырым ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________К. Маканов
11.04.2012 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Сырым
аудандық орталық ауруханасы"
шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік қазыналық
кәсіпорынның директоры
_____________А. Дүйсенгалиев
11.04.2012 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
Ішкі істер департаментінің
Сырым ауданының ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Е. Қ. Саркенов
11.04.2012 ж.

Қолданыстағы